Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері, ауаны қажет етеді. Фотосинтез барысында ағаштар көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегіні шығарады. Ағаштар адамдарды тамақпен қамтамасыз етеді (алма, шие, қарақат). Сонымен қатар, оның көмегімен көптеген дәрі-дәрмектер дайындалады. Орманды жерде серуендейтін болсаңыз, өкпедегі газ алмасу процесі ынталанып, тыныс алу жақсарады. Бұл жабық бөлмеде көп уақыт өткізетін адамдарға пайдалы. Автокөлік түтіндерін және басқа да токсиндарды жұтып алады. Тері қатерлі ісігі – ауа райы ыстық елдерде жиі кездесетін ауру түрі. Ағаштар зиянды сәулелердің әсерін шамамен 50%-ға азайтып, көшеде жүрген адамдарды қорғайды. Ағаштарға жақын жерде өмір сүру, физикалық және психикалық жағдайды жақсартады. Өйткені, олар қан қысымын төмендетеді және стрессті азайтады. Ағаштан жиһаз, қорап, сіріңке, бөрене, тақта, қаламсап және қарандаш жасалады. Мектептегі жазатын қағазын және оқитын кітабын ағаштан жасалған. Үлкен ағаштар су ағынын реттеп отырады. Су тасқыны және басқа да табиғи апаттардың алдын алуына көмегін тигізеді. Жазғы мезгілде күннен қорғану үшін, ағаштың артына жасырынуға болады. Ауылды аймақтарда ағаштарды отын ретінде, тамақ әзірлеу және суды қайнату үшін пайдаланады
Объяснение:
Бұл – ағаштар беретін артықшылықтардың толық тізімі емес. Бірақ осы мәліметтердің өзі, оларды сақтау және көбейту үшін жеткілікті деп ойлаймы н
Кіріктірілген оқу бағдарламасы қазақ тілі пәніне түбегейлі өзгерістер алып келді, мұғалімнің алдында тұрған міндеттерінің өзгеруіне ықпал етті. Мұғалім оқулықта берілген нұсқау бойынша білім беруші рөлін өзгертіп, сын тұрғысынан ойлай алатын оқушыны тәрбиелейтін фасилитаторға, нұсқаушыға айналды. Кіріктірілген оқу бағдарламасы бойынша мұғалім оқушыға оқулықта ұсынылған материалды емес, әдеби шығармаларға қоса, мақалалар, электронды хаттар, блогтар, статистикалар, кесте, график, хабарландыру, шолу, жарнама, нұсқаулық, меню, этикеткаларды мәтін ретінде ұсынып, оқыта алады. Бұл өз кезегінде мұғалімге шығармашылыққа кең құлаш жаюға мүмкіндік бере тұрғанмен, сонымен қатар үлкен жауапкершілік артуда. Мақалалар, электронды хаттар, блогтар, статистикалар, кесте, график, хабарландыру, шолу, жарнама, нұсқаулық, меню, этикеткалар мәтін болатын болса, «оларды қалай таңдаймыз, қандай параметрлермен өлшейміз, мәтінді сыныпқа әкелмес бұрын нені ескереміз, қандай белгілеріне қараймыз?» деген сауалдар көп туындайды.