Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтып келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Әрине, спортшылар тізімі осымен шектелмейді, бірақ өзім осы тұлғаларды ерекше мақтан тұтамын.
Жер - түбір, лес-жұрнақ, тер- көптік жалғау , і-тəуелдік жалғау 3 жағы , тəуелдік жалғау 1 жағы, дің - ілік септігінің жалғауы.
#3.Түркістан - Қазақстанның қасиетті қаласы.
Түркістан( не? ) -бастауыш, Қазақстанның (ненің?) - толықтауыш , қасиетті(қандай?)-анықтауыш, қаласы (несі?)- толықтауыш.
Балалы, баласыз- сын есімдер. Балалы - түбірі - бала , лы- зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ, баласыз -түбірі -бала,сыз- зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ
#7 Оман
жекеше
1 жақ менің Оманым
2 жақ сенің Оманың
сіздің Оманыңыз
3 жақ оның Оманы
көпше
1жақ Біздің Оманымыз
2 жақ Сендердің Омандарың
Сіздердің Омандарыңыз
3 жақ Олардың Омандары