Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөөдерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жасқа толды. а Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағыта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. Ару Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың бірі - «Пирамидаға» тоқталсақ оның ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір әлем емес пе?.
«Бәйтерегіміздің»- өзі неге тұрады? Онымен қоса «Мұз қалашығымыз» тағы бар. Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ уақыт жеткізе алмайтын іспеттіміз. Астананың ауыз толтырып айтар жері көп екені бәрімізге аян. Яғни , ару Астанамыздың халық тамашалап, қызықтап көрер жері көп. Бұл дегеніміз Астананың не бәрі 20 жылда қол жеткізген жетістіктері десек артық айтқан болмас едік.Не бары 20 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде.
Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін!
«Су – тіршілік көзі» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Санжар, сен «су – тіршілік көзі» деген сөздерді қалай түсінесің?
Санжар: Сусыз тіршілік болмайды, яғни тіршілік үшін судың маңызы аса зор. Суға бар тіршілік тәуелді ғой.
Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Су күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларға пайдаға асады екен осы туралы естуің бар ма?
Санжар: Жоқ, судың сонда басқа да қасиеттері бар ма екен? Естімеппін.
Еркебұлан: Ия, кезекті бақылау жұмысына дайындалып отырып өте қызықты мәліметтерге тап болдым. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген екен. Зерттеу барысында ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті.
Санжар: Өте қызық екен. Мен мұны бірінше рет естіп тұрмын.
Еркебұлан: Соеымен қатар, судың түрлі емдік қасиеттері де бар екен. Мысалға:
1. Иммунитет жүйесін құрайтын жілік майының түрлі ауруға қарсылығын күшейтеді.
2. Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.
3. Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.
Санжар: Пайдалы ақпаратпен бөліскенің үшін көп рахмет! Енді біліп жүремін!