Көшпелілер деген кімдер? 1. Көшпелілер өркениеті — мал шаруашылығымен айналысатын, белгілі бір қалыптасқан
жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығы, өркениеті. Көшпеліліктің
шығуына географиялық орта мен ауа райы әсер етті. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық,
табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Бұл қандай аймақтар, олардың экологиялық
жүйесі қандай? Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау о
бөктері, тау қойнаулары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдың ылғалдың мөлшері 200-
400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға Қазақстан да кіреді.
2. Көшпелі өмір салты ол халықтарды табиғатқа жақын болуға, табиғатты қадірлеуге, оның
сырын тануға мүдделі етті. Сондықтан көшпелі елдерде «жабайы табиғат» деген ұғым мүлде
жоқ. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірі жайында тарихшылар, философтар, орта ғасыр
ойшылдары тамсана жазды.
Сақтар туралы өзге елдердің зерттеушілерінің құнды жазбалары сақталған. Олар
көшпелілерді «рухы биік, жаны таза, бейбітшілік сүйгіш, әділ, батыр, ұйымшыл халық» деп
бағалады. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф-
сақ тайпаларын мадақтап жазды.
3. Алайда, көшпелілер туралы теріс түсініктер бұрын да, кейін де кездесіп отырды. Көне
Қытайда «көшпелілер - жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуро-
пада да көшпелілерді «тағы, жабайы, өркениеттің жауы» деп есептеді. Себебі сақтар соғыс
өнеріне жетік, жауынгер, батыр, ержүрек халық болды, сондықтан айналасындағы көршілері
олардан қауіптеніп отырды. Ал кеңестік идеология көшпелілер туралы мүлде кері көзқарас
қалыптастырды. Өйткені бұл саясат кез келген халықтың тарихын, дәстүрі мен мәдениетін
жоюды мақсат етті.
дала өркениеті - түркі тектес халықгардың, соның ішінде қазақтардың материалдык жəне рухани құндылықтарының сатысы; этномəдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат. тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне əр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. америка тарихшысы л.морган (1818-1881) мен ф.энгельс оны ғы жоғары, жазусызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" ұштағаны арқылы) ретінде сипаттады. кейінгі кездері бұл термин ң аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. еуропаға əсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (о.шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына (а.тойнби) жеткізіп қойды. әйтсе де, осы тұ жақтаушылар алтайдан карпат тауларына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен түркі тектес халықтардың өткеніне астамшылдықпен қарап, "тарихи тысқары қалған қауым" ретінде көрсетуге тырысты. соған қарамастан, өркендеп-өрбу негізі, қ- табиғи аясы әлі далалық тұрпат саналатын көшпелі шығыс жұртының өзіндік өркениеті хақында дəйекті пікір түйген ғалымдар аз емес. белгілі орыс археологы, акад. а.п.окладников (1908—1981) зерттеу еңбектерінде далалықтардың этномәдени жүйесін "батыс сібір өркениеті" деп атап, "ежелгі түркі сібірі шығысқа караганда батыспен тығыз байланыста болған сияқты. оның мәдениеті бүрын болжағанымыздан әлдеқайда бай" екендігін жазды. ә.марғұлан, к.ақышев, к.байпақов, т.б. ғалымдар "көшпелілер өркениеті" атауын жиі колданса, л.н.гумилев, о.сүлейменов оның өрлеу дәуірінде, б.з.б. 9 ғ-дан б.з. 11 ғ-ы аралығында, жерорта теңізі жағалауы және қиыр шығыс елдерімен салыстырғанда жасампаздық эволюцияны бастан өткергенін дәлелдеді. соның нәтижесінде еур. астамшылық пен таптык дала уағға негізделген кеңестік тарихнама мансұқ еткен еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс ғылымға " дала өркениеті " деген атпен ене бастады. оның əлемдік өркениетке қосқан үлесіне үндінің саяси қайраткері д.неру "әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде əділ баға беріп, "атлас картаны ашсаң, алып азия құрлығының койнына кіріп жатқан кішкентай еуропаны көресің. ол өз алдына дербес құрлық емес, азияның жалғасы сиякты. ал тарихты окитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі бір кезенде азияның үстемдік құрғанына көзің жетеді