Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отыр. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады. Осы орайда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Көмек" Қоғамдық Қорының еріктілері жақсылық жасаудан еш аянбаған. Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Сондықтан да "Көмек" Қоғамдық Қорының еріктілері балалар үйімен барынша байланыс жасауды ұйғарған. Әр жұма сайын университеттің жүректері мейірімге толы студенттері балалар үйіне барып, түрлі тақырыпта әңгімелер, қосымша сабақтар, концерттер өткізеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университет ұжымы студенттерге сапалы білім берумен қатар, олардың тұлға ретінде қалыптасуына зор мән береді. Ал осындай көшбасы студенттердің қалай білім алатынын, қоғамдық жұмысқа қалай араласатынын көзбен көрген балалар үйінің жеткіншектері келешекте ел қамын күйттейтін, қайырымды болуға барынша тырысатын ұлағатты ұрпақ болып ер жетері даусыз.
Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.
Есекеева Айнаш Акимсаловна Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі Құқық факультетінің аға оқытушысы
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзімде - от,
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі - от.
Оттан басқа тәңірі жоқ.
Жалынмен жұмсақ сүйеді,
Сүйген нәрсе күйеді.
Жымиып өзі жорғалар.
Ұшырағанды шоқ қылар,
Шоқ қылар да, жоқ қылар.
Мұның аты От болар.
Мен де отпын - мен жанам.
От - сен, тәңірім, табынам.
Әдемі отпен аспаның,
Бәрі жасық басқаның.
Жалын жұтам - тез тоям.
Әулием, ием, құтыма,
Теңсіз тәңірім отыма
Әлсін-әлсін май құям.
Май құямын - өрлейді.
Құлашын көкке сермейді.
Кейде жылан арбайтын,
Кейде аждаһа жалмайтын.
Сескенбес, сірә, кім сенен;
Шынында, менің өзім де - от,
Қысылған қара көзім де - от.
Мен - оттанмын, от - менен,
Жалынмын мен, жанамын.
Оттан туған баламын.
Қараңғылық бұққанда,
Қызарып күн шыққанда,
Күн отынан туғанмын;
Жүрегімді, жанымды,
Иманымды, арымды
Жалынменен жуғанмын.
Жүрегім де, жаным да - от,
Иманым да, арым да - от.
Жарқырап от боп туғаннан,
Белімді бекем буғаннан,
Қараңғылық - дұшпаным.
Сол жауызды жоюға,
Соқыр көзін оюға
Талай заулап ұшқанмын,
Әлпіге барғам Алтайдан.
Балқанға барғам Қытайдан...
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзім де - от.
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі - от,
Оттан басқа тәңірі жоқ.