ОҚЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ 3-тапсырма. Жұптық жұмыс. Дереккөздерден сақтар туралы ақпарат тауып, олардың жауын- герлігіне қатысты постер жасаңдар. Оны сыныптың алдында қорғаңдар. Постерде сілтеу есімдіктерін дұрыс қолданыңдар.
Жұлдызшы– ежелгі дәуірлер мен орта ғасырларда аспан денелерінің қозғалыстарын бақылаумен шұғылданған адам, астроном. Ежелгі Мысырда (Египет), Вавилонда, Үндістанда, Грекияда Жұлдызшы аспан құбылыстарын бақылап, күнтізбе есебін жүргізіп отырған. Орта ғасырларда араб елдері мен Орталық Азияның Жұлдызшылары астрономияның кейбір заңдылықтарын ашқан. Ежелгі түркі тайпаларында да Жұлдызшылар болған. Қазақ тіліндегі көптеген жұлдыз атаулары (Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Босаға, Таразы, т.б.) бізге ежелгі түркілер дәуірінен жеткен. Жұлдызшылар жыл мезгілдерін, мал төлдету, бие байлау, күзем алу, жайлауға, күзеуге, қыстауға көшу мерзімдерін, т.б. көпшілікке жариялап отырған. Соңғы жылдары археологтар Орталық Қазақстандағы Жанғабыл өзенінің бойынан 8 – 10 ғасырларда жерленген Жұлдызшының зиратын тапты. Онда қабірге мәйітпен бірге “жұлдызтас” – метеорит салынған. Зират үстіне оба үйіліп, жанына граниттен шабылған тас мүсін қойылған. Бұдан Жұлдызшылардың көшпелілер өмірінде елеулі рөл атқарғандығын көреміз. Жұлдызшылардың кейбіреуі астрологиямен де айналысқан. Дәстүрлі қазақ қоғамының астрологтары “Нұждұм”, “Талиғынама” деп аталған араб және парсы тілдеріндегі бал ашу кітапшаларын пайдаланған.
Дәрігер-қай-қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымы. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы-өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген. Дәрігердің атап айтатын құқықтарын білгені медицина саласына көптеген жеңілдік береді. Осы құқықтарға сай істелген жұмыста еш уақытта шалалық болмауы тиіс. Қазіргі заман талабына сай дәрігердің барлығы да өзінің құқығы жайлы мәліметті біле жүргені артық болмас еді.