М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
alvd1986
alvd1986
09.01.2022 06:37 •  Қазақ тiлi

Егінші мен қасқыр А. Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтан да ол егіншіге мынадай тілек білдірді:

- Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын тамақ жегім келеді.

Сен маған оны табудың жолын үйретші...

Ә. . - Содан соң нанды жеуге бола ма?

- Қайда әлі! Қара бидайды ору, оны баулау керек. Ол бауларды жақсылап жел қағып, күнге кептірген соң, қырманға апарып, маялау керек...

- Сонда нан бола ма?! –деп қасқыр айқайлап жіберді.

- Жоқ қара бидайды жиып алған соң, бастыру керек, бастырып болған соң, бидайды диірменге апарып, ұн ғып тарту керек.

Б. Егінші таңсәріден егін орып, шаңқай түсте демалды. Аздап тыныққан соң, қолына нан алып, жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:

- Адам, не жеп отырсың? – деп сұрады.

- Нан.

- Маған да наныңнан берші!

Ғ. -Сонда жеуге бола ма?

- Жоқ, әлі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек...

- Сонда нан бола ма?

- Иә, сонда нан болып, жеуге жарайды, – деді егінші.

В. - Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын, –деді қасқыр.

Г. Егінші қасқырға:

- Алдымен жер жыртасың, одан соң тырмалайсың, – деді.

- Содан соң нан бола ма?

- Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің...

- Содан соң нан бола ма?

- Жоқ, жоқ! Күзде қара бидай егесің. Ол көктемде көгеріп жер бетіне шығады, ал жаз ортасында піседі.

Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

6. Қасқырға қандай қасиеттер тән?

а) сараңдық, айлалық

ә) еріншектік, жанаярлық

б) қатыгездік, жауыздық

в) еңбекқорлық, шапшаңдық

7. Мәтін не туралы?

а) достық

ә) өтірік

б) байлық

в) еңбек

8. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Алтын алма, білім ал.

ә) Өтірік сөз өрге ба

б) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

в) Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.

9. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

а) нан, нан табу жолы, еңбек, ауыр жұмыс

ә) қасқыр, егінші, нан, жер

б) сұрақ, жеу, қара бидай, қамыр

в) қуырылған дән, тұқым, диірмен, гүл.

10. «Егінші» сөзінің синонимін табыңыз.

а) қызметкер

ә) диқан

б) етікші

в) малшы​

👇
Ответ:
skillvip
skillvip
09.01.2022

6)ә

7)в

8)б

9)ә

10)ә

4,5(59 оценок)
Ответ:
Софяйка
Софяйка
09.01.2022

10ә

Объяснение:

10000000000%

4,8(67 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
SDimassYT
SDimassYT
09.01.2022

1. Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Оның көптеген

өлеңдері бар. Алғашқы өлеңдер жинағы 1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан» деген атпен жарық көрген.

Мағжан Жұмабаев шығармашылығында мұңлы толғаныс, өкіну, қайғы - қасірет, күйініш те, сонымен қатар романтика, өршілдік, махаббат, арман, мақсат, үміт те бар. Сонымен қатар ақынның өлеңдерінде тарихты түсіну, ақиқатқа көз жеткізу, болашақты болжай білу жайы да бар.

Мағжанның табиғат тақырыбын жырлаған «Жазғы түнде», «Қысқы жол», «Қайың», «Орман», «Жел» атты өлеңдерінде әсем табиғат, сұлулық, табиғат құбылыстары, табиғат пен адамның байланысы анық көрінеді.

2. Мағжан Жұмабаев Мәскеудегі жоғары әдеби - көркемөнер институтында оқып жүргенде орыс және Батыс Еуропа әдебиетін беріле оқыған. Соның ішінде неміс, ағылшын, француз ақындарының шығармаларына ден қоя оқыған. Мағжан поэзиясынан оның халқы, туған жері туралы көп нәрселер білуге болады. Ақынның «Түркістан», «Қазақ тілі», «Қазағым» т, б, өлеңдерін ерекше атауға болады.

«Қазақ тілі» өлеңін аудио жазбадан тыңдату

3. Мағжан ақынның жүректі жарып шыққан өлеңдерінің үлкен бір тобы - махаббат лирикасы. «Гүлсімге», «Сен сұлу», «З - ға», «Р - ға» өлеңдері қазақ қыздарына, олардың сыртқы да ішкі сұлулықтарын сүйсіне жырлайды. Оның дәлелі сабақ басында тыңдаған «Бәрінен де сен сұлу» өлеңі.

4. Мағжан өлеңдерінің ішіндегі біз секілді жалынды жастарға үлкен сенім артқан, жақсылыққа, болашаққа жарқын жол тілеген өлеңі - «Мен жастарға сенемін».

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін.

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Мен сенемін жастарға,

4,5(63 оценок)
Ответ:
katyvolkova81
katyvolkova81
09.01.2022

ответ:Менің туған жерім,Отаным-Қазақстан.Қазақстан көрікті,бай,зайырлы мемлекет.Мен ата-анамды,отбасымды,ата-әжемді қалай жақсы көрсем,Отанымды да солай жақсы көремін.Туған жерім маған әрқашан ыстық.Мен өз кіндік қаным тамған жерден алысқа,жыраққа кете алмаймын.Бір көрмесем сағынамын.Өйткені бұл менің туған жерім.Мен Отанымды сүйемін,осында тұратын адамдарды сүйемін,жан-жануарын,өсімдігін сүйемін.Туған жерге деген махаббатты бір сөзбен айтып жеткізе алмайсың.Басқа ұлттар өзінің туған жерін қалай жақсы көрсе,мен де солай жақсы көремін.

Объяснение:

4,5(74 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ