М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
harchuk181002
harchuk181002
23.02.2023 17:52 •  Қазақ тiлi

Болмағанда қайтеді! Скифтер өздерін де, аттарын да сауытпен қорғаған», - деп жазған ездерімен ала жүреді, барлығы аттылы, садақ атқыштар; олар жеңімпаз. Ешкім жеңе аnаl
«Царь Санов» А. Дузелканов
1. Сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе қолбасшылар мен батырлардың оре
жоғары болды. Одақты сақ көсемдерінің кеңесі сайлаған патшалар биледі. Тайпа нас
тайпа мүшелері сайлады. Сақ қоғамы үшке бөлінді: әскерлер, абыздар, ру мүшелері (en
малшылар, қолөнершілер және т.б.), Патша мен әскер көсемдерін тек қана аскер тобына
сайлады. Адамзат дамуының бұл кезеңін «Әскери демократия» деп атайды. Саң жауынгер
қару-жарағы мен сауыт-сайманы түгел болған. Еуропада мұндай қарулар орта ғасырлар
пайда болды.
2. Геродот: «Біз білетін халықтардың барлығынан да скиф халқы данышпан өздер
разылың етпесе, олардың еліне басып кірген ешбір жау сақтарды жаулап ала алмайды
Олардан қашып та құтыла алмайды, өйткені скифтердің қаласы, қамалы жоң, Баспанасы
30
4-такырып
5 жуан 5 жіңішке 10 есімдіктер сөздер

👇
Открыть все ответы
Ответ:
borz2006
borz2006
23.02.2023

Баламалы энергия көздерін іздеудің бүгінгі күні маңызы артып отыр. Энергияны шектен тыс пайдаланудан бүгінде жер бетінде жахандық жылыну үрдісі жүруде. Ал жер бетіндегі температурының көтерілуі, жахандық жылыну бүгінде әлем елдерінің басын қатырып отырған мәселе. Осы орайда баламалы энергия көздерін табу, табиғаттың өзін энергия көзі ретінде пайдалануға ынта жоғары болып отыр.

Ғалымдардың зерттеуіне сенсек, сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағ энергия алады. Күн энергиясының 1-2 % -і жел энергиясына түрленеді. Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданған. Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі.

Су энергетикасы – энергетиканың су қорларының қуатын пайдаланумен айналысатын саласы. Гидравликалық турбина, электрмашинасы жасалып, электр энергиясын едәуір қашықтыққа жеткізу тәсілі табылғаннан кейін, сондай-ақ су энергиясын су электр стансаларында (СЭС) электр энергиясына түрлендіру жолының жетілдірілуіне байланысты су энергетикасы электр энергетикасының бір бағыты ретінде дамыды. СЭС –жылу электр стансаларына қарағанда жылдам реттелетін, икемді энергетикалық қондырғы.

Бұл үдерістен Қазақстан да артта қалған жоқ. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді. Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану - жоғары дәрежеде деп айту қиындау. Өйткені мамандардың есебі бойынша елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1 пайыз екен. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды. Дегенмен баламалы энергия көздері ол болашақтың қажеттілігі екені сөзсіз. Биогаз – бұл тамаша қалпына келетін ресурс және мұны кез келген органикалық қалдықтан (тамақ қалдығы, мал қалдығы, тұрмыстық қалдық,ағын суларының тұнбасынан және т.б. сол сияқты ) алуға болады. Тек бір ғана ауылшаруашылық өнімдерінің қалдықтарынан пайда болған биогаздың потенциалдық қоры жылына 1-1,3 млрд. тонна жанғыш шикізат береді екен, ал бұл дегеніміз пайдаланылатын дүниежүзілік энергия ресурстарының оннан бір бөлігі. Биогаз өміріміздегі көптеген проблемаларды шеше алады:экологиялық, энергетикалық, агрохимиялық. Мысалы далаға кететінқалдықтың қоршаған ортаға жағымсыз әсері зор-ақ. Ал биогазды алудыңэкономикалық бағаланулары бүгінгі күні ақталуда. Биогазды жарықтандыруға, үй жылытуға, тамақ пісіру, транспорт, электрогенератордың роторларын қозғалту мақсатында қолданады.

Объяснение:

4,6(59 оценок)
Ответ:
nenshina
nenshina
23.02.2023

ответ:Қазақтар-ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпақтары.Территориясы Алтайдан Каспийге дейінгі үлкен аумақты алып жатыр. Ежелгі көшпенділердің мұрасын сақтаған, қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен жора-жоралғыларға бай келеді. Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан баспана түрі - киіз үй. Киіз үй-көшуге қолайлы, жиналып-құрастырмалы, жазда-салқын, қыста-жылы баспана. Бұл ағаштан, әртүрлі үй жануарларының терілерінен жасалады. Киіз үй қанатына байланысты, алтықанатты, он екі қанатты және т.б. атаулармен аталады. Бұрынғы кездері ақсүйектер, байлар, билер мен хан, патшалар өздерінің ордаларында яғни, үлкен киіз үйлерде өмір сүрген. Бұл қазақ халқының бай болғанының нышаны. Қазақ халқының ең қадірлі ұғымдарының бірі- шаңырақ. Шаңырақ сөзін әртүрлі мағынада қолданады. Мысалы: «Әке-шаңырақтың негізгі тірегі», бұл тіркесте шаңырақ сөзі «отбасы» ұғымын білдіріп тұр. Сонымен қатар, шаңырақ- киіз үйдің тірегі, төбесі. Қазақ халқында шаңырақ-киелі ұғым ретінде қалыптасқан және ол туралы әртүрлі мақал-мәтел, тыйым сөздер көп кездеседі. Қазіргі күнге дейін қазақтардың басынан қандай күн өтпеді... Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман да, қиыншылық, аштықта да, репрессия кезінде де, қайғылы соғыс жылдарында да өмір сүрді, мойымады, талмады. Бұл қазақтардың төзімділігінің белгісі.

Объяснение:

4,4(91 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ