Септіктердің аты Сұрақтары Септік жалғаулары
Атау септік Кім? не? еш жалғаусыз
Ілік септік Кімнің? Ненің? -ның, -нің, -дың, -дің,-тың, -тің
Барыс септік Кімге? Неге? -ға, -ге, -қа, -ке
Табыс септік Кімді? Нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
Жатыс септік Кімде? Неде? -да, -де, -та, -те
Шығыс септік Кімнен? Неден? -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
Көмектес септік Кіммен? Немен? -мен, -бен, -пен
Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. 1957, 1959 — 61 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеді. Бесшатыр Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км болатын алқапты алып жатыр. 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған.