М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
seal2004
seal2004
12.10.2022 03:09 •  Қазақ тiлi

2-тоқсан «№ 41 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Шығыс Қазақстан облысы, Семей Қ.Ә., Семей қ.

6 А



Хасан

Әубәкір

Оқушы

BilimLevel 0%

0

Жеке кабинет

Online Mektep

Көмек

BilimLand

Компьютерлер

iTest

Twig-Bilim

iMektep

23 ҚАРАША

ҚАЗАҚ ТІЛІ - 6 А

Артқа

«ХАН ШАТЫР» САУДА ЖӘНЕ ОЙЫН- САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

САБАҚ

ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ

Чат ашу

«Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы

Мәтіннің не туралы екенін тап.

Астана күні мерекесінің іс-шаралары аясында «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында салтанатты рəсім шалқыған «Сарыарқа» күйінің орындалуымен ашылды. Одан соң мəртебелі меймандар мен көпшілік көрермендерге театрландырылған «Көшпенділер» қойылымы ұсынылды.

Қойылым өте әсерлі шықты. «Қазақ киіз үйлері» жылжып барады, түйе жетектеген, сəйгүліктер мінген арулар келеді. «Қазақ киіз үйлерді» екі жақтан батырлар күзетіп барады. Енді ат мініп, сауық құрған қыз-жігіттер көрінді. Олар «Молдабай» əнін шырқап жатса, басқалары əнге қосылып, би билеуде. Сəлден кейін ат құлағында ойнаған цирк өнерпаздары бірінен соң бірі өнерлерін көрсетіп өтті. «Көшпенділер» – өткен күннің елесін көз алдыңа əкеліп, ата-бабаларымыздың тұрмыс-салтынан хабардар етеді.

Президент сарайы – Ақордадан бастау алған бас қаланың ғажайып ғимараты Астана қаласы жаңа орталығының дəл кіндігінде орналасқан. Орталық қаладағы ерекше маңызды нысандардың бірі болып табылады. Бірегей кешен жобасының авторы – əлемге танымал ағылшын сəулетшісі Лорд Норман Фостер. Атауының өзі айтып тұрғандай, биіктігі 150 метрлік əсем ғимарат көшпелі халықтың қолымен тұрғызылған хандардың шатырларының жиынтығы іспеттес.

Орталықтың бірегей сəулет-құрылысы ежелгі Сарыарқаның қатал климатына бір өзі төтеп беретіндей келісті ойластырылған. Оның ішкі жағы көздің жауын алатын бірнеше табиғи ландшафтпен өрнектеліп, безендірілген. Мысалы, жарық, ылғалдылық пен температура жыл бойы бапталып, бақыланады. Масатыдай құлпырып, жасыл желекпен көмкерілген баспалдақты дəлізді көргенде, есіңізге жыл он екі ай жап-жасыл болып тұратын климаттық белдеулер түседі. Ал алтыншы қабатта жүзу бассейні, аквапарк жəне əмбебап жабық жағажай орналасқан. Сондай-ақ орталыққа келіп демалушылар құс жолы биіктігінен Астананың көрікті жерлерін тамашалай алады. Көрікті келбетімен көз тартатын бас қаламыздың сəулетіне сəн қосатын бұл тамаша архитекуралық нысанда қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын барынша жайлы да көңілді өткізетін басқа да ойын-сауық орындары молынан қамтылған.

Елордадағы «Ханшатыр» орталығы туралы

Нұр-сұлтан қаласы туралы

«Көшпенділер» қойылымы туралы

👇
Ответ:
nova9696
nova9696
12.10.2022

1 дұрыс болады

Объяснение:

Солай болу керек негізі

4,6(67 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
elenastennikova
elenastennikova
12.10.2022

Астана - мәдениет пен өнер ордасы.

Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.

Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.

Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған. Астана қаласында түрлі театрлар мен мәдениет сарайлары бар. Елордамызда түрлі мәдени іс - шаралар өткізіліп тұрады.

Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кемеңгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.

4,4(86 оценок)
Ответ:
dashagor2
dashagor2
12.10.2022

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.

Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.

Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді»

4,4(71 оценок)
Это интересно:
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ