Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!
арал теңізі ғасырлар бойы планетамыздың ең үлкен континенттік сутоғаны ретінде белгілі еді. ол қазіргі қазақстан мен өзбекстан шекарасында жатыр. бірақ бүгінгі күні оның тартылып бара жатқандығы бізге сабақ болуы тиіс.
ақырзаман деген тура осындай болар, – дейді юсуп камалов, алдымызда ұзыннан-ұзақ созылып жатқан, тал-шілік басқан шөл даланы қолымен нұсқай отырып. – ерте ме, кеш пе, ақырзаман бола қалса, тек қарақалпақстандықтар ғана одан аман қаламыз, өйткені біз қазірдің өзінде-ақ ақырзаманды бастан кешіріп отырмыз.
төбе-төбе болып жатқан ұлу қабыршақтары мен құмда қайраңдап қалған, тозығы жеткен қайықтар болмаса, өзбекстанның солтүстігіндегі өзіміз тұрған құмдақ жартастың үстінен қарағандағы көрініс нағыз бір шөл далаға тап болғандай әсер қалдырады. бұл ара кезінде арал теңізіне сұғына орналасқан түбектің шеті еді. ол 1960 жылы ауданы жағынан әлемде төртінші орынды иеленсе, оның аумағы шамамен 67 000 шаршы шақырымды құрайтын. бұл дегеніміз, батыс вирджиния штатының аумағынан да үлкен деген сөз. ал арт жағымызда мойнақ қаласы жатыр. ол бір кездері қ консервілеу зауыты бар, қанатын кеңге жая ған орын еді. тіпті, бертінде, 1980 жылдардың өзінде ол жыл сайын мыңдаған тонна қ өндіретін. елу жыл бұрын арал теңізінің оңтүстік жағалауы тура біздің табанымыздың астында жатты. ал қазір ол солтүстік-батысқа қарай 90 шақырымға дейін тартылып кеткен.