8 наурызға анамызға сыйлық.
Бүгінгі шуақты көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне анама сыйлық жасауды біз ертерек ойластырып қойған болатынбыз. Күнделікті анам жұмыстан соң үйге келіп ас әзірлейді, дегенмен күні бойы жұмыста жүретіндіктен анам да шаршайды. Сонымен біз бауырларымызбен анама тосынсый ретінде кешкі мерекелік ас әзірлеуді ұйғардық. Ол үшін біз тәтемізден біраз кеңес алып, анамның сүйікті тағамын әзірледік. Әкеміз болса, анамызға әдемі гүл шоғын мен тәтті тоқаш сатып алды. Кешке анамызға осындай тосынсый жасап, қуанттық. Бірінші рет жасағанымызбен, өте дәмді шығыпты.
Барыс саны мен таралуы азайып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Қазақстан, Тянь-Шань, Қаржантау мен Өгем, Талас, Қырғыз, Іле, Күнгей, Теріскей, Кетмен, Жоңғар Алатауының шеткi сілемдері, Алтын Емел, Шолақ, Maнтай және Қайқан, сондай-ақ Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған. Олар жалпы таулардың альпі және субальпі белдеулерінде, құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қар барысының Қазақстанда жалпы саны 180-200 басқа жетеді деп есептеледі.