4-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, есімшелерді тауып жазыңдар. Барлығымыз да ұлы достықтың нұрлы сәулесіне бөленіп келеміз.
Бұл достықтан ешқашан да айнымаймыз. Бұл достық ұлы еліміздің
күшін тасытып, адамдарымызды жаңа, батыл істерге ұмтылдыратын
шабытты жігермен қанаттандырып келеді. Бұл істердің ұлылығы
қазіргі заманға және ғаламшардағы ең таңдаулы адамдар көздеген
басты мақсатқа лайықты.
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан –
1) өндіруші өнеркәсіптен – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;
2) өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.