А. Корей мектептерінде 12 жыл оқиды: 6 жыл - бастапқы 3 жыл - орта, 3 жыл - толық орта мектепте. Бұл жүйе Корея тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан басталып, «6-3-3» деп белгіленеді. Корея мектептік білімінің аталмыш үш сатысы бір-бірінен өзгеше және де осы үш саты әртүрлі ғимараттарда орналасқан. Бір мектептен екіншісіне ауысу қиын, өйткені ондағы оқу бағдарламалары өзара тығыз байланысты.
Ә. Корея оқу жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу мәселесі ерекше жолға қойылған. Осы себепті бүгінде бұл ел мектептерді компьютермен жабдықтап, интернетпен байланыс орнату жөнінен Сингапурдан кейін екінші орында тұр.
В. Кореяда балалар 12-17 жасынан тынбай еңбек етеді, білім алады. Сондықтан болар корей көшелерінде ойнап жүрген балаларды кездестіру қиын. Олардың барлығы өз уақыттарын қажетті курстар және факультативтермен өткізеді.
Алматы – қып-қызыл апортымен аты шыққан әсем қала. Ол кез келген адам жанына рахат сыйлап, адамды өзіне әсем дігімен баурап алатын мәдени орын дарымен де көрікті. Жері қандай байтақ болса, жаны да сондай дархан қала, жұмақ қала десек те артық емеc
Туған жердің түтіні ыстық» демекші, өнер мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің ошағына айналып, талай жастың көкірек көзін ашып, талантты тау тұлғаларды тәр бие леген, алақанға салып әлдилеген – Алматым менің
«Алматы… Алматы дегенде көз алдыма әсем де, ару биік таулары, мұнартқан Алатаудың бауырында жатқан түнгі Ал маты елестейді. Өйткені, Алматы Алатау дың ару қызы іспеттес. Сол Алатаудың етегінде жасыл кілемдей болып төселіп, жасыл желектер көмкерілген. Әсіресе, түнгі Алматы жақұт шамдарын жаққанда, тіпті, құлпырып кетеді. Әсіресе, көзге оттай басы латын ақ шамдары маған аппақ арманға алып ұшатын ақ қанат тардай көрінеді. Мен осы қалада туып-өстім. Алматы менің – сүйікті қалам. Мен – Алматымен мақтана мын, марқаямын. Өйткені, біреуді қолтығынан демеп, арма нын – асуларға, биіктерге жеткізген қала.