4 - тапсырма . Сөйлемдерді көшіріп жазып , көнерген сөздердің мағынасын түсіндір . Аңшы Мүсіреп Есеней байға жарамсақтанып , жігіттің арызын аяқтатпай , киіп кетті : Тоқта деген соң , сүйрендемей тоқта , бала ! Ауылыңа сәлем айт , Есеней аға сұлтанның ат тұмсығын тіреген жерге таласып әуре болмасын ! - деді ( Ғ . Мүсірепов ) . Аламандардың киім үлгісі , са уыт - сайман , қару - жарағы да ала - құла . Біреу көбе , біреу бадана , енді біреулері тот басқан ескі кіреуке киіп алыпты ( Қ . Жұмаділов ) .
Қыс - ең суық жыл мезгілі, сондықтан адамдардың киген киімдері сәннен бұрын жылы болуы тиіс. Қысқы киімдер қатарына: бас киім, күрте, қолғап, етік және тағы басқалары жатады. Бас киім тек қана басты жылытып коймай, сонымен бірге құлақты да суықтан қорғайды. Күрте - дененің 70 пайызын жабатындықтан, ол міндетті түрде табиғи материалдардан жасалғаны абзал. Қолғап - қолдың тоңбауымен қатар, терінің құрғауынан сақтайды. Етік - адам денесінің температурасына толығымен әсер етеді. Жылы әрі сапалы етік киген адамның денесі еш уақытта тоңбайды.