Es ОҚЫЛЫМ
-тапсырма.
Жұптық жұмыс. Мәтінді оқыңдар.
Диаграмманы толтырыңдар.
12
ЖАЗ
1
Сақтар мен сарматтардың өнерінде аң
Стилі деген өзіндік бейнелеу өнері болған,
Б.з.б. VII-VI ғасырларда шыққан аң стилінде
жасалған бұйымдар Орта Азия, Қазақстан,
Сібір, Оңтүстік-шығыс Еуропа аумағында
табылды. Көшпелілер алғашқы боп
күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар
мен тұтыну бұйымдарын жасаған. Үзеңгіні
алғаш рет көшпелілер қолданған. Ауыр, түзу
семсердің орнына қайқы қылышты алғаш
жасаған. Ерлердің шалбарын көшпелілер
өте ерте кезде ойлап тауып, бірінші болып
киген. Алғашқы боп алтын киім киген,
алғашқы боп ат әбзелдерін алтынмен аптап,
күміспен күптеген. Алғаш рет тағы жылқыны
қолға үйреткен,
составить диаграмму
Жаңа түскен келінді «беташар» дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі «беташар» жасалады. Оған тойға жиналған туыстуғандар тегіс қатынасады. Жас келіншектің екі жағында ауылдың екі көргенді келіндері тұрады. Мұнда «Беташар» жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі және басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасалған адамдар көрімдік береді. Бет ашатын жігіт әнін желдірте, асқақ әуенмен жыр төгуі керек. «Келін келді көріңіз, көрімдігін беріңіз», — деп бастаған әнші жігіт жас келіннің аталған жақындарына лайық әзіл-қалжыңдарын араластыра көрімдік сұрап, жұртты көңілді күлкіге қарық қылады. Беташар тойдың басы әрі сәні, жас келіннің жаңа өмірге бет алғанын білдіретін қызықты, салтанатты, ажарлы дәстүрлердің бірі. Беташардың бір түрі былай болып келеді: