1) Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі ( Отырар )
2) Алғаш рет "Отырар" және "Фараб" атаулары біздің занамыздың IХ ғасырындағы қандай деректерде кездеседі ?! ( жазба )
3) Отырар ХIII ғасырдың ортасында қай өңірлерде ірі сауда орталығына айналды ?! (Отырар ХIII ғасырдың ортасында Батыс пен Шығыс арысындағы жолда ірі сауда орталығына айналады)
4) Ұлы Жібек - жолы ненің кепілі болды ( өркениеттің)
5) Түркі қағанаттары қандай өркениетті ұштастыра алды ?! (Түркі қағанаттары жалпыадамзаттық өркениетті ұштастыра айтты)
«Қонақ үй» тақырыбына диалог.
- Қайырлы күн! «Оқжетпес» қонақүйі. Сізге қалай көмектесе аламын?
- Сәлеметсіз бе! Бөлмелердің бағасын білсем деп едім?
- Бізде «Стандарт», «Жартылай люкс» және «Люкс» бөлмелері бар. «Стандарт» бөлмесінің бағасы тәулігіне адам басына 5500 теңге, «Жартылай люкс» бөлмесінің бағасы тәулігіне адам басына 7000 теңге және «Люкс» бөлмесінің бағасы тәулігіне адам басына 9000 теңге. Барлық бөлмелерде жуынуға қажетті заттар, шаш кептіргіш, теледидар, кішігірім тоңазытқыш бар.
- Таңғы ас бөлме бағасына кіре ме?
- Ия, «Жартылай люкс» пен «Люкс» бөлмелерінің бағасына таңғы ас қосылған.
- Жақсы. Тамыз айының жиырма бесі мен жиырма тоғызы аралығында бос «жартылай люкс» бөлмесі болса, брондауға болады ма?
- Бір минут, қарап көрейін. (...) Ия, бұл мерзімде бос «жартылай люкс» бөлмелері әзірге бар екен. Сізге неше адамдық бөлме қажет?
- Біз төрт адамбыз – екі ересек а
- Онда сіздерге екі бөлмелі номерді дайындаймыз. Балалардың жастары нешеде?
- Үлкені бес жаста, кішісі екі жаста.
- Үш жасқа дейінгі балаларға тегін, он жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік қарастырылған.
- Жақсы болды. Қалай брондау жасасам болады?
- Ол үшін отбасы мүшелерінің төлқұжаттары, төлем картасы және ұялы телефоныңыз қажет.
- Түсінікті. Мен онда төлқұжаттарды дайындап алып, сізге бірер минуттан соң хабарласамын.
- Жақсы. Сіздерді асыға күтеміз! Сау болыңыз!