2-тоқСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Ежелгі көшпелілер мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқушының аты-жөні
Оқу мақсаты
A1.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздердің
синонимдерін, антонимдерін таба білу
А4. Мәтінді түсіну, мазмұнына жоспар құру, нақты
ақпаратты анықтау
1-тапсырма. |
А) Мәтінді оқы.
ә) Мәтін мазмұны бойынша жоспар құр.
I
Б) Мәтіннен негізгі ақпаратты аныкта.
(Прочутай текст, состав, план по содержанию текста, определи основную
информацию из }екста.)
Көшпенділер деген кімдер?
Көшпенділер – тұрмыс-тіршілігі малмен байланысты, көшіп-қонып жүретін халык.
Көшпенді халық негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Сондықтан әр жыл
мезгілінде олар жана мекенге көшіп отырған. Көшпенділерде бір жылда төрт мекен
болды. Жазда жайлауда, кыста кыстауда, күзде күздеуде, көктемде көктеуде тұрған.
Кешкенде заттарын, жүктерін арбаға салып, жаңа мекенге көшкен. Сондықтан оларды
көшпенді халык деп атаған.
Астана - арман қала.
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.