Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
Сусыз тіршілік жоқ. Өсімдікке су керек. Себебі өсімдік сусыз өспейді. Біз оны күнде көріп байқаймыз. Егер топырақ кеуіп қалса, оны жұмсартып су құю керек. Сонда ол әдемі болып жақсы өседі. Су адамға көмекші. Сумен бау бақшаны, егінді суарады. Олар бізге жеміс – жидек береді. Нан өмір, су тірішілік көзі.
Су пайдалы нәрсе. Онымен кемелер, қайықтар жүзеді. Су қатынас жолы. Су тасқыны болса, адамдар оны өз күшімен, ақыл ойымен тоқтатады.
Су өте таза, мөлдір болады. Суды адамдар ауыз суға ішеді, шөлін қандырады, тамаққа пайдаланады. Су тазалық кепілі. Сумен ыдыс аяқ, киім яғни барлық ласты сумен тазалап кетіреміз. Суға шомыламыз. Әр адам судай таза, жақсы болса дені сау, ұзақ өмір сүреді
Не жарнамаланады?--ақпарат, сендіру, насихат.
Жарнама кімге арналады?--халыққа, мүдделі топтарға.
Қандай мақсатта беріледі?--тауар, идея, мекеме, немесе жеке тұлғаның қызметі.
Қайда жарияланады?--бұқаралық, ақпарат, құралдарына.