1. «Мөлдір» сөзінің синонимін
табыңыз.
C) Тұнық, таза.
2. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін анықтаңыз.
E) Ұяң, үнді, қатаң.
3. Ұяң дауыссыз дыбыстар кездесетін сөздер қатарын табыңыз.
C) Ғалым, тағзым.
4. Сөйлемдегі жалқы зат есімді табыңыз.
Қыздың аты Ботагөз екенін білді
B) Ботагөз.
5. Негізгі зат есімді белгілеңіз.
D) Қарындас.
6. Сұраулы сөйлемді табыңыз.
D) Адам өмірін ұзарту мүмкін бе
7. «Қысқа», «тар», «аласа» сөздерінің антонимдерін табыңыз.
C) Ұзын, кең, биік.
8. Құстың атауын білдіретін күрделі сөзді көрсетіңіз.
C) Сарышымшық.
9. Қатыстық сын есімді сөз тіркесін анықтаңыз.
A) Маңызды мәселе.
10. «Таптыр» сөзі етістің қай түріне жататынын анықтаңыз.
A) Өзгелік.
11. Қарсылықты жалғаулық шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.
E) Бүгін күн аяз, бірақ балалар ойнап жүр.
12. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені белгілеңіз.
Ұшақ құсша ұшты.
B) Пысықтауыш.
13. Жақсыз сөйлемдерді табыңыз.
B) Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.
14. Сөйлемді толықтырыңыз.
Кенже бала отбасындағы ең кіші бала, ... ,
C) сондықтан ол қара шаңырақтың иесі болады.
15. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Олар келгенде, сабақ аяқталыпты.
A) Мезгіл бағыныңқылы.
16. Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауын табыңыз.
C) Жетісу.
17. Сөйлемде берілген фразеологиялық тіркесті синоним сөзімен ауыстырыңыз.
Түнде анасы баласын ойлап, көз ілмеді.
B) Ұйықтамады.
18. Есептік, күрделі сан есімді табыңыз.
E) Елу төрт балабақша бөбектерді қазақ тілінде тәрбиелейді.
19. Тәуелденіп септелген өздік есімдігін белгілеңіз.
A) Өзімнің кітабым столда жатыр.
20. Сөйлемнен мезгіл үстеуді табыңыз.
B) Жаздыгүні оқушылар демалысқа шығады.
Қазақстандық чемпиондар.
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін,