М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dhvcn
dhvcn
17.11.2022 10:13 •  Қазақ тiлi

Киіз үйдің ерекшеліктері
нужно много

👇
Ответ:
LerikKerik123
LerikKerik123
17.11.2022

Объяснение:

Киіз үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ-мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз. Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс-салты, талғамы еш халықтан кем емес екен. Ғұламалар айтып кеткендей, осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы – жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады. Ал ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш.Уәлиханов айтқан.

© ummet.kz Толығырақ: https://ummet.kz/makalalar/348-dastur-danalygy/4487-kiiz-jdi-syrlary.html

Материал ummet.kz сайтынан алынған. Көшіріп басылған немесе цитата алынған жағдайда гиперсілтеме беру міндетті.

4,6(32 оценок)
Ответ:
ChelovekNosok
ChelovekNosok
17.11.2022

Киіз үй ең бірінші — көші-қонға қолайлы баспана. Оны тез жығуға, шапшаң тігуге болады. Ал «киіз» үй аталуында да ерекше мән бар. Киіздің ыстық пен суықты өткізбейтін қасиеті — киіз үйдің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да оған аппақ киіз жабады. Осы арада неге ақ болу керек деп сұрауларың мүмкін. Ақ басқа түске қарағанда күн сәулесін жақсы шағылыстырып, жылуды аз сіңіреді. Бастарыңа ақ телпек немесе ақ қалпақ кигенде күннің өткірлігі бәсеңдеп қалатынын естеріңе түсірсеңдер болғаны. Сонымен сендер киіз үйдің ең басты екі қасиетін білдіңдер. Қандай баспана болмасын ол күнделікті тіршілікке, тұрмыс қажетіне қолайлы жасалады. Киіз үйдің құрылысы мен оның жасалатын материалы да осы мал шаруашылығымен аиналысатындарға өте тиімді, лайықты.

Объяснение:

думаю правильно

4,5(36 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
princessTonya
princessTonya
17.11.2022
Шақырушы: «Кіруге рұқсат па?» Приглашающий: «Можно войти?» Қонақ: «Кіріңіз». Гость: «Входите». Ш.:«СәлеметсІз бе! Қалай, қалыңыз? Пр.: «Здравствуйте! Как ваши дела? Қонақ үйіндежақсы орналастыңыз ба?» Какустроились в гостинице?» Қ.:«СәлеметсІзбе!Рақмет,бәрідежақсы. Г.: «Здравствуйте все хорошо. Қонақ үйі жайлы, жылы екен. Здесь удобно и тепло. Жоғары шығыңыз.отырыңыз. Проходите,садитесь. Өздеріңіз қалайсыздар?» А как Вы?» Ш.: «Рақметбіздежақсымыз. Пр у нас тоже все хорошо. Сізді үйге қонаққа шақыра келдім. Я пришел пригласить Вас в гости. Әңгімелесіпданысып отырайық». Познакомимся, поговорим, посидим». Қ.: «Ықыласыңызға рақмет. Г за внимание. Сағат нешеге шақырып келдіңіз? На какое время Вы приглашаете? Мекен-жайыңыз қалай еді?» Какой у Вас адрес?» Ш.:«Кешке сағат алтыға шақырып Пр.:«Вечеромкшестичасам. тұрмын. Сағат бес жарымда сізге өзім келіп, ма- Я заеду за Вами в половине шестого шинамен алып кетемін. на машине. Қазіршесау болып тұрыңыз. До свидания». Қ.: «Көріскеншесауболыңыз». Г. :«До встречи».
4,4(24 оценок)
Ответ:
gg228
gg228
17.11.2022

Барысы: 
«Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 

2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 

Казталовка орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

Оқушылар сәлемдемесі (20 оқушы)

1-жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Ән «Қазақстан» орындайтын 10 - сынып оқушысы: Рахмет Сая.

2-жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі. 

1-жүргізуші: 
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме 
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой-қиялды қалың күйік 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
Тербеліп ырғағына тамылжиық

4,5(86 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ