Қазіргі қазақ театрларына бұрынғыдай емес, көрермен көп баратын болды. Мұның сырын немен түсіндіруге болады? – «Театр – өмірлік сұрақтарға шешім табатын жоғары интенция» деген екен орыс философі Александр Герцен. Мұндағы «интенция» деп отырғанымыз зат бейнесінің ойда сақталуын сипаттайтын идеалистік философиялық ұғым. Рас-ау, кейде адам біртүрлі күйге енеді: санасында түсініксіз сан сұрақ пайда болып, ішкі жан-дүниесі белгісіз бір нәрсені қалап тұрады, өртеніп, опық жеп жүргендей сезінеді. Осындайда адам мазасыз күндерінің, ұйқысыз түндерінің себебін білу үшін, сауалына жауап алу үшін театрға келеді. Қоғамда мейірім – тапшы, махаббат – жалған. Осы сезімдердің керемет үлгісін көріп, рухани азық алып қайтады. Сол себепті де, адамдар театрға қойылым тамашалайды
Айша Бибі-шамамен 11-12 ғасырларда өмір сүрген,ақылына сұлулығы сай ару қыз.
Қарахан-орта ғасырда найзамен елін,жерін қорғаған,талай алыпты тағынан түсірген батыр.
Екеуі бір-бірін ұнатып,қосыла алмаған ғашықтар.Айшаны жылан шағып қайтыс болады,ескерткіш ретінде Қарахан мазар салғызады.Қазіргі Жамбыл облысындағы Айша-Бибі мазары сол мазар.Мазардың жанына Қарахан өзінеде мазар салғызып,бар өмірін ақ киіп Аллаға жалбарынумен өткізген.Айша-Бибі мазарының қасындағы Әулие Ата мазары сол Қарахан батырдың мазары.