Арба — ертеде әскери көлік ретінде қолданылған, кейін жол жүруге, жүк тасуға, сондай-ақ уақытша жылжымалы тұрғынжай ретінде пайдалануға арналған көне көлік түрі. Соғыс қимылдарына, әр түрлі рәсімдер атқаруға, спорт жарыстарына қолданылған әскери арбалар Вавилон өңіріндегі көне Киш қаласы орнынан (қазіргі Охеймир қалашығы, Ирак), шумерлердің қала-мемлекеті Үрімнен (Ур, қазіргі Тель-Мукайяр қалашығы, Ирак), Кавказдан, т.б. жерлерден табылды. Олар біздің заманымыздарн бұрынғы 3-мыңжылдықтың ақырында, тіпті одан да бұрын қолданылған. Әскери арбалар Шығыстағы ежелгі мемлекеттерде (Мысыр, Ассирия, Персия, Қытай, Үндістан, т.б.) ұрыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери арбаның бірнеше түрі болған. Жалғыз не екі ат жегілген қос доңғалақты арбада екі жауынгер – ат айдаушы және найза, қылыш, садақпен қаруланған сарбаз отырған. Төрт ат жегілетін төрт доңғалақты әскери арбалардың тертесіне найза, дөңгелек оқтықтарына шалғы бекітілген. Аттарға сауыт-жабу жабылған. Арбалы әскер алдыңғы шепте әрекет етті. Жаяу әскер олардың соңынан жүріп отырды. [1] Көшпелі халықтар арбаны қорғаныс құралы ретінде де пайдаланды. Арбалы көш жау шабуылы кезінде дөңгелек шеңбер жасап, қорғаныс шебін құрған. Ат жалын тартып міне алатындар «қорған» сыртында тұрып айқасқа кіріседі.
2)Империя (латынша іmperіum – билік, үстемдік) – 1) император басқарған монархиялық мемлекет құрылымының түрі; 2) жер жүзінің әр түрлі бөліктерінде кең-байтақ аумақтарды басып алған ірі отаршыл мемлекет. Мұндай империя отар елдерге қарағанда метрополияның, орталықтың, билеуші ұлттың ерекше артық жағдайларда болуымен сипатталады. Бағынышты аймақта ұлы державалық, шовинистік саясат жүргізеді. Мысалы, бұрынғы Британия, Франция, Ресей Кеңес империялары.[1]
Мәтіннің өзі(текст)
«Ақсу Жабағылы» қорығы
Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.Ол 1926 ж. құрылған.
Ақсу-Жабағалы қорығы алуан түрлі өсімдіктер мен жануарлар, құстарға бай. Мұнда жеміс-жидек, Альпі шалғыны, дәрілік өсімдіктер т.б. өседі. Қорықтың символы – Грейг қызғалдағы. Қызғалдақ, сарғалдақ алғаш Ақсу-Жабағалыда өсірілген.
Қорықтың таулы бөлігі – мәңгілік мұздықтар. Ондағы түпсіз, көгілдір, мұздай тау көлдері айнадай шағылысады. Тік жартастардан сарқырамалар ағады.
Қорық аң-құсқа бай. Онда таутеке, елік, марал, қар барысы, аю, борсық, суырлар мен құндыздар т.б. аңдар мекендейді; Гималай ұлары, кекілік, бүркіт, қарақұтан, бозторғай, сарытоғай, шымшық т.б. құстар өте көп; сарыбауыр кесіретке, жылан, құрбақалар мекендейді. Қорықтың ландшафтысы ерекше. Онда шөлейттер де, жазықтар да, аршалы ну ормандар да бар. Біз осындай қорықтарымызды қорғауымыз керек. Табиғатты қорғау – біздің борышымыз!
1» Грейг қызғалдағы, Қорық, Мұздықтар
2»
3» 1926 ж.
4» Онда таутеке, елік, марал, қар барысы, аю, борсық, суырлар мен құндыздар т.б. аңдар мекендейді; Гималай ұлары, кекілік, бүркіт, қарақұтан, бозторғай, сарытоғай, шымшық т.б. құстар өте көп; сарыбауыр кесіретке, жылан, құрбақалар мекендейді. Қорықтың ландшафтысы ерекше.
5» Қорықтың символы – Грейг қызғалдағы
• Жақсылық Үшкемпіров - кім?
Жақсылық Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
• Ол қашан, қай жерде туған?
Ол 1951 жылдың 6 мамырында қазіргі Жамбыл облысының Свердловск ауданы, Дихан ауылында дүниеге келген.
• Ол қандай оқу орнын бітірді?
Ауылдағы қарапайым мектепте білім алған. 1968 жылы Семей қаласының мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. Институт қабырғасындағы күрес үйірмесіне жазылады.
• Оның спорттағы қандай жетістіктері қалай бағаланды?
Жақсылық Үшкемпіров спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Ал 2017 жылы Ақордада Жақсылық Үшкемпіров Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алды.
Объяснение: