М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
link21
link21
06.03.2022 17:23 •  Қазақ тiлi

Асанас қаласы Қызылорда қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 48 шақырымда, ал Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылынан оңтүстік-
батысына қарай 8 шақырым қашықтықта орналасқан. Асанас қаласының
шығу тегі ортағасырлық Өзгент, Сығанақ, Жент, Баршынкент қалаларымен
аталады. Атақты зерттеуші тарихшы Жувейнидің еңбегінде 1219 жылы
моңғол әскерлерінің Сығанақтан Жендке қарай бара жатқан жолда жаулап
алынған қаланың бірі ретінде айтылады. Асанас қаласы дөңгелек пішінді,
көлемі 450х400 метр.
Қала мығым мұнарасы бар дуалдармен, оның сырты ормен
қапталған.Төрт мықты қақпасы бар бекініс дуалдың қазіргі сақталған биіктігі 5
метрдей болады. Дуалдың ені іргетасымен есептегенде 15 метр. Шығыс
бөлігінде орналасқан цитадельдің аумағы 40х50 метр, ал биіктігі 1 метр.
Асанас ата кесенесі Қазақстан жеріндегі сәулеттік келбеті айрықша
кесенелерінің бірі. Осы уақыт кезінде Асанас қаласы және Асанас ата кесенесі
мемлекет қорғауына алынған, Қызылорда облысы бойынша жергілікті
маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер қатарына кіреді.
Оқылған мәтін бойынша тапсырмаларды орында:
1. Мәтінде не туралы айтылады? / /


2. Мәтіннің мағынасын ашатын 4 сөз жаз. / /


3. Мәтіннен есімдік бар сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз / /




4. Сөздердің синонимдерін жаз / /

👇
Открыть все ответы
Ответ:
58722001
58722001
06.03.2022
Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Ә-ке ерекше мән беріледі. Әбу Наср әл-Фараби “Қайырымды қала адамдарының көзқарастары” атты еңбегінде Ә-ті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді. Ғұламаның этика жөніндегі тұжырымдарында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Сондықтан мейірбандық Ә. ұғымын толықтыра түседі, оны ұдайы жетілдіріп отырады. М. Жұмабаев 1922 жылы жазған “Педагогика” оқулығында Ә. пед. сендіру, мәдениеттілік, тәрбиенің нақты іске асқан үлгісі екенін айтқан. Пед. ғылымында Ә. гуманистік Ә., демократиялық Ә. және діни Ә. болып бөлінеді. а) Гуманистік Ә. — оқу-ағарту жүйесін және жоғары мәдениеттілікті арттыруға негізделген; б) Демократиялық Ә. — қоғамның рухани дамуы мен экон. жетілуінің басты мәселесі ретінде шешуші рөл атқарады; в) діни Ә. — гуманистік және демократиялық Ә-ті жүзеге асырудың бір тірегі болып табылады.
4,5(16 оценок)
Ответ:
nyutadavdova200
nyutadavdova200
06.03.2022
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
4,4(33 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ