М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kh131
kh131
05.02.2022 17:50 •  Қазақ тiлi

«Дос жолында құрбан болу емес, нағыз досты табу қиын» тақырыбында фразеологизмдер мен  мақал-мәтелдерді, еліктеу сөздерді орынды пайдаланып, ой толғау жазыңыз.  Сөз саны - 120-130

👇
Ответ:
Vureshivatel
Vureshivatel
05.02.2022

Өмірге келген әр пенде ес біліп,есейген соң мұң-шерін шағатып, қуанышына ортақтасатын сырлас іздеп тең табары рас. Достық – ұлы сезімнің бірі. Адамдар бір-біріне қалтқысыз сеніп, жығылғанда демеп, құласа көтеріп, өмірдің сан түрлі қиындығында жаныңнан табылып, қайғы мен мұңды тік тұрып бөлісетін, тек қиындықтар да ғана емес өмірдің жарқын сәттерінде де жәрдемдесетін өлшеусіз қамқорлық пен жауапкершіліктің, адами құндылықтардың басын біріктіретін қасиет. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достыққа кіршіксіз адалдық пен қарап, шынайы бағалау қажет. Бүгін де ел арасын да достық туралы:

“Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше,

Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше,

Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше,

Бір дос бар қораңнан мал кеткенше,

Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше” – деген орынды,мағаналы сөз бар.

Сатқындық, екіжүзділік, қызғаншақтық және өтірік айту достық ұғымына қарсы, достыққа кедергі болатын керіағар ұғым. Өзгенің қуаныш-бақытын көре алмайтын жандардың досы аз, тіпті болмауы мүмкін. Ел даналығында достыққа байланысты айтылған аңыз-әңгімелер мен мақал-мәтелдер көп: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Жүз тиының болғанша,бір досың болсын”. Достықта қолда барын беріп,қайтарым күтпей үйрену керек. Достықты шынайы бағалаған адам ешқашан жалғыз қалмайды.

Объяснение:

Үлкендерден достық жайында естіген өсиет-әңгімелерімнің бірі: Бұрын қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып дап-дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдай тазаланып қойылыпты. Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып қойылғанын көреді. Көршісімен кездескен сәтте, Арман тура сұрайды: «Сен есік алдындағы қарды қалай ғана тазалап үлгересің? Әр көргенімде үнемі тап-таза болып тұрады», – дейді. Көршісі оған: «Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өздігінен-өзі тазаланып, осылай болады», – деген екен.

4,6(96 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
влаласт
влаласт
05.02.2022
Қыз Жібек - қазақ халқының жыры, қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандарының ішіндегі ең көркемі. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің символы, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.
Тарихы
Қыз Жібек–лиро-эпостық жыр. Шамамен 17-ғасырда жазылған. Жыр нұсқалары арасында айырмашылық аз. Тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған (1880).
4,4(18 оценок)
Ответ:
anikeevae
anikeevae
05.02.2022

Әр жаз әр бала үшін тосын сыйын дайындап тұрғандай сезіледі. Бір жасқа есейіп, бір сыныпты артқа тастап, үлкен өмірді тани түсуге ұмтылатынымыз рас. Әр жылда ата-анамызбен жоспар құрып, соның орындалуын, жүзеге асырылуын қалаймыз.

Мысалы біріміз жазды ауылда өткізсек, біріміз заманның ағымы мен талабына сай шетелде өткіземіз. Бірақ сол екеуінің де пайдасы зор. Жаңа аймақ, жаңа адамдар, өмірді өзге қырынан тани түсуге зор үлес қосары анық.

Жазғы демалыс өте қызықты болды. Біз отбасымызбен өзен басына бардық. Інім екеуміз өзенге түстік. Су мөлдір, әрі жылы екен, мөлдір судан жүзіп жүрген балықтарды көрдік. Мен өзен жағасында серуендеп жүргенде әр түрлі құстарды кездестірдім.

Құстардың дауыстары ерекше естілді. Құстар әдемі дауыстарымен әуендерін кезек-кезек айта басталды. Құстардың әуенін естіп тамсанып жүргенде күн ысып кетті. Күн ыстық болғасын біз отбасымызбен үйге қайттық. Осылайша менің жазғы демалысым жалғаса берді. Маған жазғы демалысып өте жақсы өтті.

4,6(45 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ