ЕКІ дос Ертеде , ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып , дос болады . Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды . Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды . Тонаған мал - мүлiктерiн тиеп кетеді . Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді . Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі . Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп , жау жатқан жағаға келеді . Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады . Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді . Алып барған соң , ол жаудың қолбасына : - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп , сатып алуға келдім . Менің Оған айырбасқа берер мал - мүлкім жоқ . Бір - ақ нәрсе беремін . Ол - өзімнің өмірім . Досымды босатсаңдар , ол үшін өзімнің өмірімді Қияр едім , - дейді .Жарайды , мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын . Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды , - дейді . - Ол не ? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт . - Маған сенің көздерің керек , - дейді қолбасы . - Ол да болсын , көзімді ал да , досымды босат , - дейді жігіт . Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді . Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып , зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады . Мұны көрген жаудың қолбасшысы : « Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп , қапыда бас салған жағдайда болмаса , бетпе - бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар » , - деп түйеді . Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен
BAkdaulet2003 главный мозг ответил 20.11.2013Диалог между внучкой и бабушкой -Әжетай, бізге сабақта "'Қазақтың ұлттық киімдері"' туралы баяндама жасауды берді,мен ешқандай мәлімет табалмадым. -Қызым-ау ер адамның бас киіміне айыр қалпақ,тақия,бөрік жатады,ал үстіне олар шапан,қамзол ,аяқтарына мәсі киеді, -Ал,әйелдер не киеді? -Әйелдер бастарына кимешек,жаулық, шәлі киеді,ал ұзататын қыздарға сәукеле кигізеді үстеріне кәжекей,қамзол киеді, -Әжетай, Сізге көп рахмет! Ертеңгі баяндамама дұрыстап дайындалайын! Такой пойдет?
Кезекшілік туралы диалог құрастыру.
Алтынай: Бүгін сыныпта Әлібек, Ханшайым және сен кезекшілік етесіңдер. Ұмытып кетпеңдер.
Алдияр: Есіме салғанын дұрыс болды, мен сабақтан соң үйге қайтып бір шаруаларымды істеймін деп жоспар құрып отырсам ...
Алтынай: Орындықтардың барлығын көтеріп қойыңдар. Ханшайым шаң сүртіп, гүлдерге су құяр.
Алдияр: Жақсы, әрине бәрін реттеп жинастырып кетеміз.
Алтынай: Тақтаны да сүртіп қоюды ұмытпаңдар. Келесі ауысымға таза болып дайын тұрсын.
Алдияр: Жақсы, терезені ашып кетейік пе?
Алтынай: Жоқ, дала жел болып тұр. Ашып кетпеңдер, сынып қалып жүрер. Абай болыңдар.
Алдияр: Уайымдама. Бәрін жинап, дұрыстап кетеміз.