Ширек ғасырдан астам уақыт әлемдік тарих үшін қас-қағым сәт! Биыл бір ғана «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу арқылы егемен Қазақстан өзінің есімін жаһандық жылнамаға жазды. Осының бәрі Қазақстанның мемлекеттілігінің негізін қалап, туған халқын баянды тәуелсіздікке жетелеген Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өміршең идеялары мен баянды бастамаларының жемісі. Елімізді әлем таныған шақта сан түрлі жетістіктеріміз де жетерлік. Солардың бірегейі – «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі. 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында жаһан жұрты Еуразияның кіндігіндегі Қазақ Елінің бас қаласына көз тікті. Тәуелсіздігінің 27 жылдығына аяқ басқанда еліміз халықаралық деңгейдегі аса ауқымды, жауапты шараны зор абыроймен өткізді. Қуанарлығы сол, 155 мемлекет, 22 халықаралық ұйымның қатысуымен өткен көрмеден 4 миллионға жуық адам ұмытылмас әсер алып қайтты. Орнықты дамудың даңғылына түскен Қазақстан өз жолынан жаңылмайтынын дәлелдеді. Тәуелсіз Қазақ Елінің бүгінгі табысының екі алтын тұғыры бар. Бірі – Ұлы Далада жаңа мемлекет құрған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық саясаты, екіншісі – өз көшбасшысының айналасына топтаса білген Қазақстан халқы. Бүгінгі ұрпақтың пешенесіне жазылған ең үлкен бақыт – тәуелсіздігіміз баянды болсын! «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне саяхат» тақырыбында естеліктеріңізбен бөліс. Қандай сәттер есте ерекше қалды? «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі – тәуелсіз Қазақстанның мақтанарлық жетістіктерінің бірі. Өз тарапыңнан мәтін тақырбына орай Тәуелсіз Қазақстанның жеті жетістігін ойластыр.
Көтерілді көңілім.
Жек көрмедім сендерді,
Серуендеді серігім.
Жаз маңдайы жарқ етсе,
Қаз - құстары қаңқ етер,
Кімнің жылытпас көңілін.
Егіншілер сайлады
Мойынтұрық, самиян,
Ат, атан, өгіз - көлігін.
Жер киініп, құс келіп,
Мына жылы шуақта,
Жан - жануар бір алды,
Басындағы бөрігін.
Қыстайғы науқас қара жер,
Шығарды ауру - өлігін.
Бозбалалар ат ұстап,
Аударысып жарысып,
Бастады тағы желігін.
Бойжеткен қыз, келіншек,
Топтанып, сапқа тізіліп,
Бүйрегінен бүлкілдеп,
Әзілдесіп, езіліп,
Суға түсіп жабырлап,
Жарқ еткізіп өңірін.
Диқаншылар қуанып,
Балалар мәз боп қуанып.
Тұқымның шашты төгінін,
Боталы түйе,қозылы қой,
Құлынды бие, буаз мал,
Толтырды кекпен желінін.
Саятшы, мерген іздеп жүр
Таудың ұлар, елігін.
Жаз - құдаша келді де,
Қыстың зәрін тарқатты.
Жаз - құдаша жарқылдап,
Жер бетіне көк көрпе
Салды дағы отырды.
Жаз-құдаша
Мен шаттанып қуандым
Түскендей - ақ келінім.
Қуансам да мәз болып,
Қолайсыз уақ кез болып,
Табиғат жасап таршылық
Қолдан тартып ап кетті,
Күткен құдашамыздың,
Төрт - ақ ай ғып өмірін.