Менің сыныбым алтыншы "а" сыныб. менің сыныбым өте тату. біздің сыныбымызда он үш ұл және сегіз қыз.барлығы жиырма бір оқушы. біздің сыныбымыз бесінші қабатта орналасқан екі жүз бірінші кабинет. біздің екі сыныптасымыз мектеп -ішілік олимпиададан бірінші орын иегерлері атанып мақтау қағаздарымен марапатталды. үш сыныптасымыз еркін күрестен алтын иеленді. ән байқауынан алтынай сыныптасым жақсы өнер көрсетіп сертификатпен марапатталды. біздің сыныбымыздын мақтаныштары. демалыс күні біз сыныбымызбен саябаққа барып қаланы көркейту үшін сегіз түп қарағаш ағашын отырғыздық. қала әкімдігінен келген аға бізге риза болып қалды. мен өз сыныбымды жақсы көремін.
Жер шарындағы әр елдің, әрбір жер түпкіріндегі халықтың өз туған тілдері, ана тілдері болады. Соған көзімізді жеткізе отырып, жер шарындағы тілдердің аз еместігін түсіну қиынға соқтырмайды. Әр халықтың өзіне ғана тән, өзге елдің тілдеріне мүлдем ұқсамайтын, өзіне ғана тәнерекшеліктерге толы, орасан зор байлыққа ие тілдері бар. кез келген тілдердің өзіндік бір ерешеліктері мен қасиеттері бар. Тіл кез-келген адам өмірінде, адамның бір-бірімен қарым-қатынасында үлкен рөл, елеулі орын алады. Адам тілге мұқтаж. Тілдің біздің өмірімізде үлкен орын алатыны тегін емес. Тек тіл арқылы адам бір-бірімен қарым-қатынас жасап, адамның қалпын, дәстүрін, әдет-ғұрпын ғана емес, сонымен қатар біраз уақыт араласу барысында адамның жан дүниесін, жүрек сырын да білуге болады. Өз ана тіліңді жетік білу арқасында өз тіліңді өзге леге танытасың, дәрежесін көтеріп, ана тілін дамытуға үлкен үлес қосасың. Тіл дәрежесінің өсуі тек ата-аналарымызға емес, бізге де, яғни болашақ ұрпаққа байланысты. Оны біз күнделікті өмірден-ақ байқаймыз. Тіліміздің байлығы – еліміздің байлығы…