Аспанды бұлт құрсайды -
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды -
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды -
Күйбендескен көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды!
Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің,
Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
Білерді білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан Қағбамсың!
Алтынды кесе сары бал
Алсам, мен саған ұсынармын,
Тал мойныма қол артсаң,
Күліктен бек ұнармын.
Көбең семіз торыңмын,
Көп құлыңның бірімін.
Жақсыңнан мені кем көрдің,
Жаманыңмен тең көрдің.
Жақсыңнан мені кем көрсең,
Жаманыңмен тең көрсең,
Ұялы берікке қос артып,
Сен есенде, мен сауда
Ырысымды сындайын,
Сегіз қиыр шартараптан іздермін!
Еділден аққан сызашық
Біз көргенде тебінгіге
Жетер-жетпес су еді -
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе, Тәңірі етті!
Жағасына қыршын біткен тал еді -
Жапырағын жайқалтып,
Терек етсе, Тәңірі етті!
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті
Вот
Объяснение:
-ӘУЕЗОВ «АБАЙ ЖОЛЫН» ҚАЛАЙ ЖАЗДЫ?
-Әуезов «Абай жолын» оңай жаза салған жоқ. Талай мұрағат ақтарылды, қаншама адамдармен әңгіме құрылды. Қаншама тер төгілді, небір ұйқысыз түндер өтті. Роман жарық көргеннен кейін де қайта-қайта қудаланып, естімеген сөзі қалмады. Бірақ Әуезов еш мойымады. Оны мойытпаған Абайға, Абай әлеміне деген махаббат еді.
-Әуезов Абаймен кездесті ме?
-Әуезов Абай елінде, Абай жерінде, Абай топырағында дүниеге келді. Көзін ашқаннан естігені – Абай әні, тыңдағаны – Абай сөзі, жаттағаны Абай өлеңдері болды.Оның Құнанбаймен өзара сыйластығы кейін Абаймен жалғасын тапты. 15 жас кішілігі бар Абай оны «Әукеш аға» деп еркелей атайды екен.
-Әуезов «Абай жолын» соңынан бастап жазғанын білесіз бе?
-Жазушының «Абай жолы» эпопеясын екінші кітаптың соңғы бөлімінен бастап жазғанын біреу білсе, біреу білмес.
Объяснение:
7 айтыңдаршы