Төле би мен Тайкелтір Төле бабамыз өзінен кейінгі талай би-шешендерді тәрбие- леген ұстаз болыпты. Бұған Тайкелтір шешенді қалай баулы- ғанын дәлел етсек те жеткілікті. Тайкелтіршешен жас кезінде жоғалған бір тайлағын іздеп, кездейсоқ Төле бидің үйіне тап болады. Ассалаумағалейкүм! – Уағалейкүмассалам! Кімнің баласы боласың? — Айдаболдың баласымын. - Балам, атың кім? - Тайкелтір. - Әкең саған болмас ат қойғаны қалай? - Тақсыр, әкем мен жақсы болсам, ата-бабаға атақ-абырой, ат келтірсін, жаман болсам, тай келтірсін деп қойған болар. Төле би он екі жастағы баладан мұндай жауап күтпеген еді. Баланың тайсалмай жауап беріп тұрғанын ұнатып, қалың қабағын көтеріп тесіле қарапты. - Балам, бір шаруамен жүрсің бе? Жай ел қыдырып, бел жазуға шықтың ба? - Бір тайлағым ауа жайылып, желдеп кетіпті, соны іздеп, Шу бойындағы қалың елді сүзіп келемін. - Балам, тайлағың табылар. Құдай айдап, ойда жоқ жерде біздің үйге кез болдың. Осында қонып, әкеңнің сыбағасын жеп кет. Әкең досым еді, ол Шудың аяғын, мен Шудың басын жайлап жатушы ек. Көптен қатыса алмай жүрміз. Шүкір, ата, сіз ұйғарсаңыз, қонайын, – дейді бала. Төле бидің бәйбішесі қымызын сапырып, алдын Төлеге ұсынып, екінші тостағанды балаға бергізеді, одан соң қымыз төрде жағалай отырған ақсақалдарға беріледі. Төле бидің жас балаға сонша ілтипат көрсеткені, адам тіл қата алмайтын Төлеге баланың тақылдап жауап беруі шалдарға шаншудай тиіпті. Бірақ Төледен батып ешкім ештеңе айта алмайды. Фото ол әңгіменін жалғасы басы жазылып тұр . Осы әңгімені оқып көнерген сөздерді тауып 6 сөйлем жазу ПОМАГИТЕ ПОМАГИТЕ
Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі;
Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі;
Наурыз - әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі;
Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі;
Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті.
Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған.Кейіннен тек заман талабына сай жазу пайда болды.