"Ас-адамның арқауы",- деп қазақ халқы бекерден айпаған, сірә. Тамақ тек адмның физиологиялық жағдайын қамтамасыз етіп қоймай, оған күш-жігер де береді. Сондықтан шығар көңіл-күйіміз төмендесе тәттіге құмарлық пайда болады. Ал сүйікті тағам тіптен небір ғажайып жасай алады. Мысалға, менің мамам(ағам/апам) балмұздақ алып келгенде көңіліп қатты көтеріліп, өзім қолымнан бірі келетіндей сезімде болам.Әсіресе, сүйікті тағаммыммен жақындарымызбен бөлісіп отырған шағын басқосуларымыз біздің нағыз отбасы екеніміздің бір белгісі.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен сөздерді теріп, жазу.
БАСАЛҚАЛЫҚ - зат есім. Ақыл-кеңес берушілік. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т. 123-бет.
ШАРЫҚ - зат есім. Теріден, тал қабығынан жəне т.б. арзан заттан лекерлеп
жасалған аяқкиім, шəркей. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 159-бет.
ОМБЫЛА - етістік. Қарға белуардан батып, малтығу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 7-т. 422-бет.
МӨНТЕҢ: мөнтең қақты. Безек қақты, безілдеді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 7-т. 238-бет.
ТАБАЛА - етістік. Біреудің сəтсіздігіне қуану; өзіне сол керек деу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 520-бет.
ҚҰЙЫРШЫҚ - зат есім. 1. Құйымшақтың сүйірленіп келген ұш жағы. 2. Ауыс. Біреудің қолшоқпары, сойылын соғушысы; жағымпаз. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 448-бет.
ҚИҚАЛАҚТАП - етістік. Қиқаң-қиқаң ету, қиқаңдау, қиқалаңдау. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 191-бет.
КҮДЕР: күдер үзді. Орындауға болмасына көзі жетті, үмітін үзді, түңілді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5-т. 259-бет.
КЕСІР - зат есім. Зиян, залал, зардап. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 5-т. 4-бет.
ТӨЛЕҢГІТ - зат есім. көне. Төренің күтушісі, малшы-жалшы қызметшісі. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 232-бет.