1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз.
Тұмар(Томирис) патшайым.
Томирис - Массагет тайпаларының ханшайымы (б. з. б. 531–528) Томирис ержүрек, батыр болып тәрбиеленеді. Геродоттың естелігінше Парсы патшасы Кир Томириспен болған соғыста қаза болған. Кир патша Томирис патшайымды өзіне әйел етіп алмақшы өрініп, елшілер жіберді. Томирис Кирдің өзіне емес елі мен жеріне құда түскелі отырғаның түсініп, оның ұсынысын қабылдамайды. Қулығы іске аспаған Кир 530 ж. Массагеттерге ашық соғыс жариялайды. Кир массагеттер жеріне жарамсыз әскерін уланған тағамдармен қалдырып кетеді. Массагеттер Кир тастап кеткен әскерге шабуыл жасап, олардан қалған тағамдарынан уланады. Соғыста Томиристің баласы Спаргапес тұтқынға түседі. Томирис баласын босатуын сұрайды. Бірақ, Спаргапес ұяттан өзін-өзі өлтіреді. Томирис айтқанын тыңдамаған Кирге қарсы шабуылға шығады. Шайқаста массагеттер жеңіп, Кирдің өзі өлтіріледі де, әскерінің көпшілігі қаза табады. Томирис торсықты қанға толтырып, оған Кирдің басын салуға бұйрық береді: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансың!» дейді. Томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды қақ жарған әділдігімен, данышпандығымен, көрегендігімен халқын талай таң қалдырды. Олар өз басшысы туралы жыр толғап, оның атын жырға айналдырған. Бұл аңыз жырлар Томирис патшаның есімі ізін басқан жауынгер әйелдің есімі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ұлы дала аспаны астында ғасырлар бойы мәңгі жасады. Амазонка қыз болып тарихта есімі қалды. («амазонка» — салт атқа мініп, қару-жарақ асынып жүретін әйелдер.
Қазақстандық спортшылар.
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Объяснение: