М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
FiXMy
FiXMy
21.06.2020 02:03 •  Қазақ тiлi

Қазақ солдаты романы сочинение(эссе) ))

👇
Ответ:
pop9999
pop9999
21.06.2020
«Қазақ солдаты» романы

Бүгін сіздерге ұсынғалы тұрған кітап  - «Қазақ солдаты».  Иә, құлаққа етене таныс: «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытам… Зытып келе жатқаным, қашып келемін. Артыма қарай беретінім, қорқып келемін» - деген сөздерімен мәңгілік өлмес мұралардың бірі әрі бірегейі саналатын,  ұлы жазушының таудай талантының арқасында дүниеге келген үлкен романның дәл өзі.

Әрине, таудай талант иесі деп отырғанымыз – Ғабит Мүсірепов. Дәуірдің рухани – мәдени бел-белестерінде өшпес белгі қалдырған, әдебиетіміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы суреткер, ірі қоғам қайраткері, әдебиетіміздің «алыптар тобының» аса көрнекті өкілі.

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы«Қазақ солдаты» романын жазды. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады.

Шығармадағы бас кейіпкердің прототипі Кеңес Одағының Батыры, атыраулық ержүрек жауынгер Қайырғали Смағұлов. Бұны біреу білсе, біреулер біле бермейді. Оның есесіне, бір дәуірдің талай сыры шертіліп, талай рухани адамдық ізденіс-өзгеріс ақтарылған айтулы туындыда азынаған замана лебі айқын сезіледі.  Бас кейіпкердің арман-тілегі, өрісі мен өресі, көтерілген шыңы да, қинала кешкен ойы мен қыры да мен мұндалап тұр.

... Оқу іздеп ауылдан келген бала Қайроштың басынан кешкендері,оның жаңа достары Бораш пен Шенен, әңгімедегі абзал аналар, табиғат суреті, олардың кейіпкер сипатын ашудағы рөлі. әңгіменің баяндау түрі, тіл көркемдігі, мақал-мәтелдердің қолданысы, Қайроштың бір басындағы сезім арпалыстары шығарманы ширықтыра, оқырманды тарта түседі.  Неге десеңіздер, тарқатып айтайық...

Біріншіден, ауылдан сиыр бағып жүрген жерінен қашып қалаға келіп, табан тірейді. Екіншіден, жастық шағы  сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келеді. Соншама  тартымды, көз алдына келтірген арманның бәрі жолда  қалып, жалғыз қолда қалған мүмкіндік болмаса да, ел елдындағы  борышын өтеу мақсатында соғысқа аттанып кете барады.

Содан өлім мен өмір жалғаса береді. Қазақ солдаты Новороссийскіні азат етуге, Элтиген биіктеріндегі қанды шайқаспен жеңіске жетуге, Керчьті қорғап қалудағы қиян-кескі ұрыстарға қатысады. Түрлі-түрлі жарақаттар алып, госпитальдарға да жатып шығады. Батырлығы үшін 1943 жылы Кеңес Одағының Батыры атанады.

...«Қашуымның да, қорқуымның да балаға лайық себептері бар».Бүкіл шығарманың арқауы осы бір-ақ ауыз сөзге тіреліп тұрған секілді. Себебі, батырлық та, батылдық та, даналық та балалықтан басталады. Оның қасында соғыс деген не тәйірі?! Қысқасы, әсем де әдемі тілмен кестеленіп жазылған шығарманың айтар ойы талайда жатыр.

4,6(27 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
карыч19
карыч19
21.06.2020

-Сәлем Аяулым!

-Сәлем Дана!

-Қалың қалай?

-Бәрі жақсы!Өзіңнің қалың қалай?

-Керемет!

-Дана,саған сұрақтар қойсам бола ма?

-Әрине!

-Қазақстан жерінің неше бөлігі шөлейттенген?

-Қазақстан жерінің үштен екі бөлігі шөлейттенген.

-Ал,Полюстердің жылынуы нені төмендетеді?

-Полюстердің жылынуы ауа алмасуын төмендетеді.

-Еліміздің ауыл шаруашылығы,энергетика, су қоры неге тәуелді?

-Дана,еліміздің ауыл шаруашылығы, энергетика, су қоры метрологиялық болжамдарға тәуелді.

-Жарайсың Аяулым!!

-Көп рақмет!

-Жауап бергенің үшін саған да рақмет!

-Оқасы жоқ,Дана.

-Жарайды Аяулым,сау бол!

-Сау бол,Дана!

4,6(2 оценок)
Ответ:
муза2007
муза2007
21.06.2020

--Сенің туған жеріңнін табиғаты қандай?

-- Менің туған  жерімнің табиғаты әдемі.,ауасы таза.

Туған жеріңде орман, көл бар ма?

, --Менің туған жерімде орман да көл  де бар.

--Орманның ішінде нелер бар?

--Жазда қарағайлы орманның  ішінде көп саңырауқұлақтар болады.Жидектер мен өсімдіктердің түрі көп өседі.

--Ал туған жеріңнін көлі қандай ?

--Біздің көл үлкен.суы мөлдір.Сондықтан бұл жаққа көп адамдар демалысқа келеді.Көлдің жағасында жаз бойы рахаттанып ,таза ауамен дем алады.Міне менің туған жерімнің табиғаты осындай тамаша !Маған менің туған жерімнің табиғаты өте ұнайды

4,8(66 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ