ответ:Тәуелсіздік - ту етер, Тәңір сыйлаған жаныма жақын, құлағыма жұмсақ естілетін, естігенде жұдырықтай жүрегімді қуаныш кернейтін тәтті ұғым, елімнің басына қонған бақ құсы. «Елім егемендікке қалай қол жеткізді, қандай тарихи кезеңдерді бастан өткізді?» деген сұрақтарға жауапты төл тарихымызбен танысу арқылы көз жеткізіп келеміз. Кешегі Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілхайыр сияқты атақты хандарымыз қанын төгіп қорғаған ұлан ғайыр жер біздің асыл қазынамыз. Қаншама зұлматты замандар өтіп, қиын-қыстау кезеңдер өтіп, өркениетіміз толыққан сайын адамзаттың ақылы жаңалықты аңсайтыны белгілі ғой. Алайда, аштық, соғыс, талас-тартыстардан әбден азайып, әлсіреген ұлтымызды соңында орыстар отар етті. Қой үстіне бозтарғай жұмыртқалаған заманды аңсаған ата-бабаларымыздың арманы адыра қалып, «отыр» деді отырдық, «соғыс» деді соғыстық, бұйрығына бағындық. Амал нешік... Отар болдық екен деп қазақтың қанында қайсарлық өшкен жоқ, күш-қуат азайған жоқ. Есімізге түсірсек, сонау майдан даласында да өзінің өжеттігін көрсеткен қазақтың қайсар қыздары Әлия мен Мәншүк, қайратты жігіттері Бауыржан мен Қасымдар естен кетпес кешегі шындық, бүгінгі аңыз! Соғыс бітіп, жеңіс келіп сүйіндік, алайда, сүйініш ұзаққа созылмастан қазақтың басшылығына орыс келетінін естіген ел тыныштала алмады. Кешегі саф алтын рухты «сақтың» ұрпағы ұрандап тағы да алаңға шықты. Асан қайғы бабамыз іздеген жерұйықты армандаған жастардың арманына ешкім тосқауыл қоя алмады, қырылды, тартысты, қан төкті, жан берді, түбінде азаттыққа қол жеткізді. Бабаның арманын бала орындап – Қазақстан Республикасы болып, өз тәуелсіздігімізге қол жеткіздік, тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайладық.
Біз –бақытты ұрпақпыз... Себебі, ата-бабамыз көрген шапқыншылықты, табаны тілім-тілім болған босқыншылықты, бір түйір дәнге зәру болған аштықты, талай боздақтың жанын, жақынын алған сұм соғысты мына біздер, жас ұрпақ көргеніміз жоқ. Бейбіт өмірмен қатар, аталарым армандаған, өз қолы жетпесе де келер ұрпағы үшін күрескен, қазып қалсаң асты қазынаға толы кең байтақ жерді, бай тілді, тәрбиеге тұнып тұрған салт-дәстүрді, ең бастысы тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жатқан жарқын ұрпақпыз.
Әлем картасының бетін ашқанда тоғызыншы орынды алып жатқан кең байтақ Қазақстанымыз күн санап жетіліп, озық 50 елдің қатарына кірді. Балаларға әжелері айтатын кешегі «Ер Төстік» сияқты еліміз күн санап жетіліп, туын, елтаңбасын, әнұранын, ата заңы мен теңгесін енгізіп, тәуелсіздік тұғырында еліміздің астанасы жаңа Астана қаласы бой көтерді. Аздаған жыл ішінде Азияда, Саммит т.б үлкен іс-шаралар өткізіп жер шары халқының мойнын өзіне бұрғызды. 70 жыл отарға дейін Алласынан жаңылмаған, дәстүрінен шатаспаған, тілін шұбарламаған ұлтымыз, тәуелсіздік таңдарында қазақ тілінің мәртебесін де көтеріп келеді. Тәуелсіз еліміздің осындай жетістіктері мына біздер сияқты, жас ұрпаққа ұмытылмас тарих екені сөзсіз.
Объяснение:
Астана арман қала
Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.
Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.
Мен өз ойымды білдірсем бұл жерде пайғамбарымыз айткандай сенің енбегің арқылы егілген ағаштың жемісін жеген адамдардың сауабы саған жазылады. Сен ол ағашты иігіліккке жарату керексің