Атадан жеткен асыл сый
Үш жұрт
Жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты, қайың жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны: өз жұртың – күншіл, қайың жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл деп те мәтелдейді. Яғни, ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді. Қайың жұртың – қолыңның ұзындығына қарайды, берсең жағасың, бермесең дауға қаласың. Нағашы жұртың жақсылығына сүйсінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор болады.
Үш қуат
1. Ақыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат.
Үш ғайып
1. Ажал ғайып. 2. Қонақ ғайып. 3. Несібе ғайып.
Үш арсыз
1. Ұйқы арсыз. 2. Тамақ арсыз. 3. Күлкі арсыз.
Үш даусыз
1.Мінез.2. Кәрілік. 3. Ажал.
Үш кәдірсіз
1. Жігіттік. 2. Денсаулық. 3. Жақсы жар (әйел).
Үш жамандық
1. Нақақ қан төгу. 2. Кісі малын нақақ алу. 3. Ата‑бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш жақын
1. Жан тәтті. 2. Мал тәтті. 3. Жар тәтті.
Үш көз
1.Су анасы – бұлақ. 2.Жол анасы – тұяқ. 3.Сөз анасы – құлақ.
Үш тоқтам
1.Ақыл – арқан. 2.Ой ‑ өріс. 3.Адам – қазық.
Төрт кітап
1.Тәурат – Мұсаның кітабы. 2.Зәбүр – Дәуіттің кітабы. 3.Інжіл – Исаның кітабы. 4.Құран – Мұхамбеттің кітабы.
Төрт қылыш
1.Хәмхан. 2.Сәмсан. 3.Зұлқожа. 4.Зұлпыхар.
Дүниенің төрт бұрышы
1.Шығыс. 2.Батыс. 3.Оңтүстік. 4.Солтүстік.
Жеті жұт
1.Құрғақшылық. 2.Жұт (мал қырылу). 3.Өрт. 4.Оба (ауру). 5.Соғыс. 6.Топан су. 7.Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ
1. Жерде өлшеуіш жоқ. 2.Аспанда тіреуіш жоқ. 3.Таста тамыр жоқ. 4.Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллада бауыр жоқ. 6.Аққуда сүт жоқ. 7.Жылқыда өт жоқ.
Жеті жетім
Тыңдамаған сөз жетім.
Киюсіз қалған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу‑қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ел жетім.
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.
Жеті ғалам
Жеті ғалам (дүние, жұрт) қазіргі тілімізде «дүние жүзі», «бүкіл әлем» дегенді білдіреді. Мұнда жетіде сандық мән жоқ. Байфрғы кезде бұл термин халықтың әлем туралы өте ерте кездегі мифологиялық түсінігін бейнелеген. Бұл түсінік бойынша жеті саны негізгі жеті бағытты білдірген. Олар дүниенің төрт бұрышы: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан – жоғарғы ғалам, жер – орта ғалам, жер аста – төменгі ғалам.
Жеті қат көк
Жеті қат көк тіркесін қазіргі қолданысымызда «шырқау биік, шексіз аспан» деп мәнінін айырылған. Жеті қат көк – байырғы шығыс астрономдарының кеңінен қолданылған термині. Мұндағы жеті саны – «жеті жұлдызға» сәйкес келеді. Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Қызыл жұлдыз (марс), Мүштәри (Юпитер), Сатурн. Осы жеті шығыс астрономиясында жеті қат (қабат) көк деп аталады.
Жеті ғашық
Халық аузында, оның өлең‑жырлары мен ертегі‑эпостарында ежелден айтылып келе жатқан жеті ғашық сөзінің түп‑төркіні Шығыс елдеріне аңыз, дастан болып тараған ғашықтық хикаялармен сабақтас. Бұл фразеологизм қазақ ауылдарының Шығыс әдебиеті мен ежелден келе жатқан үрдісі үзілмеген байланысын аңғартатын тілдік дерек. Өзге де Шығыс шайырлары тәрізді қазақтың ақындары жеті ғашықтық жырға қосып, дастан жасаған. Олардың тыңдаушылары жаттап, кейде жазыпалып, елден‑елге таратып отырған. Қазақтың жыршылары мен ақындарының шығармасында екі нұсқада кездесетін жеті ғашыққа мыналар жатады: а) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиқа, Фархад – Шырын, Таһир – Зуһра, Арзу – Қамбар, Уәлік – Ғафра, Уәки – күлшай; ә) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиқа, Фархад – Шырын, Баһрам – Күләнда, Сейпілмәлік – Жамал, Бозжігіт – Анула (кей нұсқаларда Қарашаш), Зияда – Хорлы (Хорлы – Ғайым).
Бізге соны мұғалім берді көшіріп беруге "Атадан жеткен асыл сый" туралы
Менің отаным - Қазақстан. Мен Отанымды сүйемін. Осы елде өмірге келіп, білім қабылдап келеміз сонымен қатар қазақ тілінде сөйлеуді,қ азақ жұртының салт-дәстүрін білу міндетіміз деп санаймын. Менің Еліме деген махаббатым жүрегімнің түпкірінде жатыр. Отанға деген ақ жүрек махабатты, қандай заң, қандай құбылысы болсын өшіре алмайды.
\Қазіргі күні Қазақстан береке ордасына шарықтап отыр. Әркім қалаған еңбегін істеуге, оқуға, демалуға ерікті. Менің Отаным сонау Каспийден басталып Алтай тауларына дейін созылып жатқан қасиетті өлке. Қазақстан тәуелсіздік жолында не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та , ашаршылық та, сұм соғыс та өтті. Қазақстанның тәуелсіздігін аңсаған, мәңгілік жарыққа тырысқан Қайрат, Ләззат, Ербол сияқты аға — апаларымыз ұлтты үшін өлімге бастарын тікті.
Отанымыз, кең байтақ еліміз, ата-бабаларымыздан қалған жер - Қазақстан. Ата-бабалар мұра етіп қалдырған асыл - байлық жеріміз бар. Біздің жерімізде кең, қасиеті ғана емес, қазба байлығымен жер жүзінің алдыңғы көшін бастауда. Асты кенге, талай дүлділ адамдарды ғұмырға әкелген кенді өлке туғаныма қатты қуанам.
Отанымның келешегі үшін өз үлесімді қосуға әрекет жасаймын. Біз жастар Қазақстанның келешегіміз, туып өскен жерімізді оп - оңай бере салмаймыз. Еліміз үшін барлық қиындыққа төзіп беруге даярмын. Басқа елдерге кетсек, өз елімізді өте қатты аңсаймыз. Әр кісі өз туған жерін іздейді. Соған қарап мен қарапайым ғұмыр сүріп жатсам да отбасыммен, туған жерімде оқып, өз жерімде жүргеніме қатты қуанам. «Атамекен отбасынан басталады». Осы шығармада менің ойымша отбасына ғана емес, Отанға деген махаббат туралы қамтылмаған. Мен кішкентай отбасымды сүйем. Отбасымыда әкем, анам, мен, сіңілім бар. Өйткені менің отбасым да Отаныма қаракет етуде. Біз аласа ғана бөлшегіміз. Өйткені менің ұлы атам Отанды қорғауға септігін қосып, соғысқан. Ал мен сауатты кісі болу үшін аянбай оқып, үлгілі біліміммен кішкене болса да үлесімді қосып келемін. Мен жұмысымды таза жүрекпен істеуге тырысамын. Өйткені қазіргі кезде менің бар жұмысым сабақ. Сабақты босатпай, ұстаздардың айтқанын екі етпей орындаймын.