Күні кеше ғана жүз жайнаған, Құбылжыған сәнді табиғат. Бүгін көрсең жөнді түр қалмаған, Солған, өшке, өлген - бәрі жат. Қатбар - қатбар қара жар бұлт, Көкті қапта, жерге еңкейіп. Тасты жарып, бейне тауды бұзып, Түйдек - түйдек жүзген теңселіп. Көк көркемі анау тұрған күннің, Болар - болмас қана жаны бар. Әжім басқан жарық нұрлы жүзін, Нендей көрік, нендей сәні бар. Шошынған ол, безген, бетін басқан, Бір қарауға жерден жиіркеніп. Қол жетпейтін биік алысқа асқан, Бұлдырайды шақ - шақ көрініп. Көкте ызғар, жерде ойнақ салып, Ұйтқып ескен долы салқын жел, Ойды - қырда түссіз тоңған қалып, Тілсіз дала, үнсіз жатыр ел. Қайда қаз, қу көкте қиқу салып, Суылдатып қанат қағынған. Тамылжыған жазғы таң сәріден, Шуылдасып көлге жиылған. Қош айтысқан, кеткен көңіл суып, Туған, өскен жерге бауырлас.
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті. Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Объяснение:
сурет қайда?
где рисунок? без него я не смогу ответить