ПояӘр нәрсеге мақсат керек. Тамақ пісіреміз – қарнымыз ашпас үшін. Кітап оқимыз – іздегенімізді табу үшін. Ұйықтаймыз – демалу үшін. Ал өмірдегі мақсат ше? Сіздікін қайдам, менікі бұлыңғыр. Мақсатқа деген баспалдақтар бар, бірақ қай есіктен бір шығарары белгісіз. Мақсат деген оқуға түсу, университетті жақсы оқып шығу, жұмыс табу, үй алу, отбасы құру емес екенін түсіндім. Ол – үлкен дүние. Мақсат неғұрлым үлкен болып, оған қол жеткізсеңіз, соғұрлым өзіңізді, өмірді жеңгеніңіз.
Өмір деген ағып жатқан су делік. Ал судың бір тамшысы – сәт. Сол сәттерден өмір құралады. Әр сәттің қадірін білу керек. Өйткені сәтті бағаламасаң, құрдымға кеткенің.
Мейлі сен сабақтан нашар баға алдың немесе оқуға түсе алмай қалдың. Мүмкін сүйікті адамыңнан айрылдың. Бәрібір. Өмір тоқтап қалмайды. Аға береді, жүре береді. Сен сол ағысқа ілесіп кетуің керек. "Жоқ, біттім!" деп налымау қажет.
"Өмір" бағындағы "гүлдердің" ішінен "жағымды иісімізбен", артта қалдыратын еңбегімізбен ерекшеленейік. Арттан сабақ алып, алға үлкен үмітпен қарайық. Сондықтан да бақытты да баянды өмір сүрудің кілті - өзіміз. Біз қалай өмір сүреміз, нендей әрекет жасаймыз соның бәрі біздің өміріміз үшін жасалуы қажет.снення:
Тәуке хан (1680-1715/18 жылдар) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.