Зат есімнің талдау сызбасы (схема разбора существительного)
1. Құрамына қарай: түбір, жұрнақ, жалғау (по строению: корень,суффикс, окончание)
2. Тұлғасына қарай (по образованию)
а) негізгі түбір (непроизводный корень)
б)туынды түбір (производный корень)
3. Құрылысына қарай: дара, күрделі (по составу: простые, сложные)
4. Лексикалық мағынасы (лексическое значение)
5. Грамматикалық мағынасы (грамматическое значение):
а) жалпы грамматикалық мағына (общее грамматическое значение)
б) категориялық грамматикалық мағына (значение категории)
в) қатыстық грамматикалық мағына (значение относительности)
6. Сұрағы (вопрос)
7. Мағынасына қарай (по значению)
а) жалпы, жалқы (нарицательное, собственное)
б) жанды, жансыз (одушевленное, неодушевленное)
в) деректі, дерексіз (фактическое, абстрактное)
Объяснение:
Бас сөзі - көп мағыналы сөз (полисемия)
Объяснение:
Көп мағыналы сөз (полисемия) дегеніміз сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы. Олар бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.
Бас (зат есім):
1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі;
2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы;
3) таудың ең үсті;
4) өзеннің, бұлақтың басталған жері;
5) таяқтың ұшы;
6) балтаның, шоттың жүзі бар жағы;
7) бір нәрсенің айналасы.
Омоним дегеніміз айтылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздер.
Түс
1) адамдар ұйықтағанда көретін бейне (зат есім)
2) іс-әрекет (етістік)
3) заттың сипаты (зат есім)
Жүз
1) сан (сан есім)
2) өң, бет, әлпет (зат есім)
3) іс-әрекет (етістік)
Антоним дегеніміз мағыналары қарама-қарсы сөздер.
Жақын - алыс
Синоним дегеніміз мағыналары бір-біріне жақын, жазылуы мен дыбысталуы әртүрлі сөздер.
Сабырлы - байсалды, ұстамды, салмақты