1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16-қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері — барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады.
Қазақ баласының қиял әлемі.
Қиялдамайтын, арманға ерік бермейтін адам жоқ шығар. Қиял арқылы көптеген таңғажайып туындылар дүниеге келді. Адамдар қиялдау арқылы өзгелерден ерекшеленді. Тіпті қиял мен еңбегінің арқасында мақсаттарына жетеді ғой.
Қазақ халқы ауыз әдебиеті мұраларына өте бай. Соның ішінде қиял-ғажайып ертегі, аңыздар, жырлардың орны ерекше. Олар арқылы ата-бабамыздың ой жүйріктігін, қиялына куә боламыз. Мысалы, тау көтерген Толағай, үлкен көлді бір өзі тауысып іше алатын Көлтауысар, жүгірісі көз ілестірмес Желаяқ, Мерген, отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын, қылыш өтпейтін, жылдап емес, күн сайын өсетін батырлар бейнесі, олардың тұлпарларына тіл бітуі, тіпті үңгір алдында жатқан айдаһарды ептілігімен, өнерлігімен жеңіп шығуы - бәрі де халқымыздың қиял-ғажайып әлемі. Осыған қарап қазақ балалары сондай жауды бір өзі жеңіп шығатын, елін аман қалатын батыр болуды қиялдайды деп ойлаймын.