13—жаттыгу Мәтінді тында Астанадан алты шақырым жерде Құлагерге ескерткіш орнатылған.Ескерткіш «Астана—Көкшетау» тасжолының бойында тұр.Құлагердің мүсіні мыстан құйылған.Құлагер—әйгілі Ақан серінің тұлпары.Ақан он алты—он жеті жасынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады. •Мәтіннен өзіңе қандай жаңа ақпапат алдың?
•Ол ақпараттар саған ұнай ма? Ұнаса неліктен?
•Өз өлкеңде қандай ескерткіштер бар?
•Мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талда.Олардың тыныс белгісіне назар аудар.
Қыс – мезгіл ішіндегі ең пәк, ең ажарлы, ең сұлуы. Кең даланы ақ көрпеге орап, ақ дүниенің кіршіксіз белгісі болып жататын ақ қардың аңғалдығы, күн түссе еріп кететін нәзіктігін-ай!
Басқан сайын табаныңа жабысып, қытырлаған дауыс құлағыңа жеткен кезде құрышы қанып, көңілі босап сала беретіні де рас. Бұл – аппақ қардың дауысы. Қылышын сүйретіп келген қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жаныңызда бір жылулық бар. Бұл – мезгілдің адамға әсері.
Қыс – балалық шақтың естелігі. Қыс – аппақ қар секілді кіршіксіз сезімдердің бастамасы. Шанасын көтерген балақайлар, олардың жүзіндегі қуаныш, қамсыз көңіл – бәрі-бәрі адамды бей-жай қалдырмайды. Қыстың самалына тоңған сыңай танытып, құшағыңызға тығылған сүйіктіңізді көргенде әлем сіздің алақаныңызда тұрғандай күй болады. Көктем бүр жарған сезімдерді қайта оятушы болса, қыс сол нәзіктікті ұстайтын, берік ететін мезгіл.
Омбы қарға көміліп, аунаған сайын қардың салқыны сезілмей де қалады. Табан астында – аппақ көрпе, төбеңізде – күн сәулесі. Бүкіл әлем күнәсіз періште дүниеге оң көзімен қарап тұрғандай. Сәулемен шағылысып көздің жауын алатын қар ұшқыны бейне бір жақұт тәрізді. Қолыңызға түссе еріп, бетіңізге тисе сусып сала беретін мамық қардың сізге айтары бар секілді...
Төрт мезгіл ішіндегі ең ұлы пейзажды жасайтын – қыс. Қаңтарда қақап, ақпанда сеңі соғылып, наурызда қоштасатын мезігілдің сезім алдындағы пәктігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Терезеңізге сезім білдіріп жүрген аязды көресіз бе...?
Қыс – тазалық пен пәк көңілдің, тұнықтық пен тылсым құбылыстың мезгілі.