1.Жібек матасы басқа елдерге қалай таралған деп ойлайсың? 2. Бұл жол неліктен Ұлы Жібек жолы деп аталған?
3.Керуен жолдары арқылы қандай тауарлар тасылды?
4.Ұлы Жібек жолының тарихы қай жылдан басталады?
5.Қытай елінің дипломатиялық елшілері өз елдерін неше жылдан кейін оралады?
6.Жібек жолы Қытайдан бастау алып, қай жерге дейін созылған?
7.Барлық аумағы қанша шақырымды құрайды?
8.Патшаларға сыйлық ретінде ұсынылып, алтынмен теңестірілген тауар? 9.Қазақстан бойындағы Ұлы Жібек жолының сауда, мәдени орталықтары?
10.Жібек жолы қай уақытқа дейін пайдаланылды (ғасыр)?
Көп нүктенің орнына сілтеу есімдіктерін жаз.
Бұл — наурыз мейрамы. Оны қазақ халқы ертеден тойлап келе жатыр. Халқымыз оған ерекше дайындалған. Наурыз тойында ұлттық ойындар ойналады. Олардың түрлері көп. Соның бірі – арқан тартыс. Ол — өте қызық ойын. Адамдар бұл күнді көңілді өткізеді. Олар бірін - бірі наурыз мерекесімен құттықтайды. Осы күнге аман - есен жеткеніне рақмет айтады, алдағы күннен жақсылық күтеді.
Қажетті есімдіктердің екеуінің берілген формасы дұрыс емес. (соны - соның болу керек.
оның - олардың болу керек)
Ұлттық ойындар көпше түрде тұрғандықтан, келесі сөйлемде : Олардың түрлері көп.
"бірі" деген сөз ілік септігіндегі сөзді талап етеді, ненің бірі? Соның бірі – арқан тартыс.