М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
samsianna2003
samsianna2003
08.02.2022 05:48 •  Қазақ тiлi

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын / 3 / құрастырыңыз . « Бәйтерек » монументі – елордамыз Нұр - Сұлтан қаласының негізгі нышаны , оның визитті карточкасы деуге болады . Жалпы , бәйтерек - ежелгі таным бойынша , тылсым қасиетке ие алып ағаш . Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін , тамыры жерасты , діңі адам әлемі , басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш . Бәйтерек ежелгі түркі сөзі , « бәй » - үлкен , алғашқы деген ұғымдарды , ал терек ( парсы тілінде - дарақ ) « ағаш » деген ұғымды білдіреді . Демек « Бәйтерек » екі сөздің бірігуінен жасалып , « зәулім ағаш » дегенді танытады . Оның идеясында « Самұрық » қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр . Қанатымен аспанды жауып « Самұрық » тұр . Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді . Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда . Ал астында , тамырында айдаһар орналасып , түн мен қысты шақыруда . Монумент ұзын темірлі құрылымдардан , шыныдан , металдан , бетоннан тұрғызылған . Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген . Күннің шапағына шағылысып , әртүрлі түске құбылып тұрады .​

👇
Ответ:
Lina905
Lina905
08.02.2022

1. Нұр-Сұлтан қаласының негізгі монументі қандай?

2. "Бәйтерек" қандай ұғымды білдіреді?

3. Бәйтеректің идеясының негізінде не жатыр?

Объяснение:

4,5(87 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
tiser
tiser
08.02.2022

Қазақ мәдениетінде 3, 7, 9, 40, 13 сандары ерекше мәнге ие болып есептеледі.  

Үш саны. Мысалы: «үш би», «үш бәйтерек», «үш артық», «үш жамандық» — деген сияқты. Халқымыз әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген. Сондай-ақ әр санды орнына, маңызына қарай қолданған.

Жеті саны. Жеті санымен байланыстырылып айтылатын ұғым дәстүрімізде де, тілдік мәдениетімізде де көп сақталған. Соның бірі — жеті амал. Жеті амалға табиғат құбылыстарын жатқызады. Одан кейін, «жеті ғашықты» айтамыз. «Жеті жарғы» деген Атазаңымыз тағы бар. Жеті санымен бірге айтылатын сөздің тағы бірі — «Жеті жетім», «Жеті жоқ» деген сөздер бар. «Жеті қазына», «Жеті мүше», «Жеті тылсым», «Жеті жұт» сияқты тілімізде, қазақтың тұрмыс-салтында сақталған әдет-ғұрыптық атаулар өте көп.

Тоғыз саны. Бұл сан араб мәдениетімен, дінмен байланысты енген. Сондықтан халқымыз: «Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», » Тоғыз әйелдің толғағы бір күнде келіпті», «Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз қабат торқа қию», «бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз сияқты сөздер тегін шықпаған болу керек.

Он екі саны. Сандар әлемінде қытай мәдениетінен енген бір дүние бар. Ол — «он екілік жүйе». Қытайлар ерте ғасырларда «он екілік жүйені» қазақтарға ұзатқан қыздарымен бірге сыйлаған. Қазіргі бүкіл әлем қолданып жүрген бір жылдағы он екі айлық жүйе, сағаттағы » он екілік жүйе» — міне осы.

Қырық саны. Қазақ мәдениетінде құдіретті сан. Қырықтың басқа сандардан ерекшелігі – «оның сокралдық мәні шамандықтардан бастау алады» — деген зерттеу бар. Өйткені, шамандық сенім бойынша, адамды қырық күн бойы емдеу, қырық түрлі шөпті араластырып жасаған дәрі ішкізу, оны қырық күн бойы ішу деген сияқты ислам дініне дейін 40 санына деген сенім мәдениетімізге тастай сіңген.

4,7(77 оценок)
Ответ:
Мнмтшоеа
Мнмтшоеа
08.02.2022

Қазақ – ырымшыл халық. Кей кездері ырымдары дәл кеп жатса, ал кейде қырын кететін тұстары да жоқ емес. Ал ырымдарының өзін былай қойғанда, қасиетті деп саналатын сандар қатарына «жеті», «он екі», «қырықты» жатқызып жүрміз, тіпті «бір» санын да осы қатарға енгізіп Жеті" сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған. XVI ғасырда өмірге келген "Әз Тәукенің "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болу керек.Он екі саны да - халқымыздың құрметтейтін саны. Қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілгенҚырықынан шығару" деген ырымы бар. Өлген адамның "Қырқын беру" дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты "Қырықтың  бірі - қыдыр" деп қарсы алу т.б. сенімдер, ырымдар "қырық" сөзімен байланысты

Объяснение:

4,4(7 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ