М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Labzunova
Labzunova
24.03.2020 00:10 •  Қазақ тiлi

Мағынаны тану: Баяндау - әңгімешінің, жазушының оқиғаны өз атынан айтып беруі. Баяндау ұтымды әдіс
ретінде көркем
әдебиеттежәне
әдебиеттегі баяндау жазушының шеберлігіне, тілінің табиғилығы мен ойнақылығына
байланысты ұтымды көркемдік әдіс болып қалыптасқан. Әсіресе, ұлттық
қазақ прозасындағы бұл әдіс шығармаға дәстүрлі әңгімешілдік сипат дарытатын пішім
ретінде бағаланып жүр.
Әңгімелеу – тұтасым, байласым және мағыналық аяқталғандық, ақпарат беру
категорияларына ие композициялық-сөйлеу формаларының бірі. Шығарма мазмұнын
құраушы бірлік ретінде әңгімелеу мәтіні өз бойына қатысымдық, логика-семантикалық,
психолингвистикалық, құрылымдық-композициялық қасиет-сапаларды жинақтаған
категория. Әңгімелеу мәтінінің өзіне тән табиғаты жалпы мәтін мәселелері аясында
айтылып
жүргенмен,
арнайы
Суреттеу - әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам
кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Қазақ халқының бірқатар эпостық
жырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді. Ертегілер мен
сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі.
Жазба әдебиетте кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады.
Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу
мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс
табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не
көрерменнен жауап күтпейді. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның
жай-күйі айқын аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те
атайды. Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік
жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми
баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де,
диалогпен араласып та келе береді. Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз кестелері
араласып, әрекеттесіп қолданылады.
Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі
ерекше форма.
Құрылымы: Диалогта сұрақ / жауап / қарсы сұрақ / сөйлеушілердің көңіл-
күйі, реакциясы (сөзбен берілмейтін) болады. Диалогтар қысқа (2-3 сөйлем) және
«мазмұнды» яғни ұзын болуы мүмкін.
Тапсырма: Диалог, монолог құрастыр. Өзің қалаған сурет бойынша мәтін құрастырып
жаз.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
dghtf
dghtf
24.03.2020

Мысал - өмірді шыншылдықпен суретгеуге, әр түрлі топтар өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер ықпал етуге болады. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан тұрмысқа ет-жақын суреттер ұласа келеді.

Кейіптеу– әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Қазақ халқының бірқатар эпостық жырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді. Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі.

4,5(86 оценок)
Ответ:
dasha3012008
dasha3012008
24.03.2020

Ғарышкер, астронавт (Батыс елдеріндегі баламасы: астро... және nбutēs – теңізде жүзуші).), космонавт (ТМД елдерінде - Космонавт: грек. kosmos –ғарыш және nautes – теңіз жүзушісі) – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы ғарышкерлер әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынақшылар қатарынан таңдалып алынды. Өйткені ғарышқа ұшуға қажетті қасиеттер (ұшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа ұшырау жағдайында жылдам шешім қабылдауы, шу, діріл, үдеу, т.б. әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі, т.б.) осындай мамандыққа лайықты еді. Кейінірек КСРО-да да, АҚШ-та да ғарыштық кеме экипажына қажетті арнайы білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса бастады. Ғарышкерлерді дайындау ісі бұрынғы КСРО-да 1960 ж., ал АҚШ-та 1959 ж. және 1962 ж. жүргізіле басталды. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен (1961) бастап ғарышқа үш жүзден астам адам ұшты. Олардың ішінде қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров (1991), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001) бар.[1]

Объяснение:

жоспарды істей алмадым кешір

4,7(99 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ