Абыралы өңірінен шыққан өнер саңлақтарын сөз еткенде, алдымен ауызға алатынымыз — Әміре Қашаубаев. Әміре 1888 жылы Семей облысы, Абралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде туды. Әкесі Қашаубай кедей адам болған. Ауылды жерде тиянақты кәсіп болмаған соң, Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барды.Қалада да кәсіп істеу оңай болған жоқ. Дала байы мен қала байының кедейдің, жалшының еңбегін жеуде қандай айырмасы болсын, Әміре әрең дегенде үй ішін асырап тұрды. Қашаубайдың денсаулығы күннен күнге нашарлап, жұмысқа жарамайтын халге келді.Әміренің шешесі Тойған да үй ішінің ұсақ-түйегі болмаса білекпен келетін ауыр жұмысқа жарамады.Барлық ауыртпалық Әміренің мойнына түсіп, Жаңа Семей жағында тұратын Исабек деген байдың көлік айдаушысы болады. Осы жұмыста Әміре үнемі әндетіп өлең айтып жүретін. Ат айдаушы екенін ұмытып, әннің қызығына түсіп, қожасынан сөгістер алып қалатын.. Әкесінде айта қалғандай өнер жоқ болса да «жаман» Қашаубайдың баласының музыкаға деген қабілеті оның атшылығынан бұрын «әнші бала», бері келе «әнші жігіт» деген атағын шығарды.Бүкіл Жаңа Семейдегі ойын -сауық Әміресіз өтпейтін болды. Әншілігінің үстіне әсем мінезді, ақ көңіл жігіт халықтың назарын үнемі өзіне тез аударып алатын. Осындай екі бірдей қасиетінің арқасында Әміренің атағы көп ұзамай Ертісті кесіп өтіп, Семей қаласына жетті. Әміренің дауысы түнгі Семейді тегіс аралап, әнқұмар қауым құлақтарын тосып тыңдап ләззат алды. Исабекпен есеп айырысып, Арқа әншілерінің Мекесі болған Қояндыға жол тартты. Қояндыға келуі, әнші үшін ән дүниесін ашуына себепші болды.1925 жылы Халық Ағарту комиссары Луначарскийдің шақыруымен Парижде болатын дүниежүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысуға жолдама алды. Париж сахнасында әнші өзінің сүйікті «Ағаш аяқ», «Үш дос», «Екі жирен», «Дудар», «Қос барабан», «Қызыл бидай» әндерін орындады.Әміре Парижден елге келген соң, онда көп бола алмай, күзге қарай Қызылордаға келіп, ол кездегі Қазақстанның астанасында ашылғалы жатқан театр труппасына жұмысқа кіреді. 1926 жылы Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасымен қазақ тарихында бірінші рет Әміре қойшы Жапалдың ролін ойнайды.1927 жылы Әміре Москваға шақырылады. Советтер съезінде концертке шығып, үлкен табысқа ие болады. Сол жылы Германияның Франкфурт- на Майне қаласында болатын дүние жүзілік музыкалық көрмеге жіберіледі. Әнші Франкфурттың үлкен театрында 9 концерт берді. Әміре осы жерде екінші рет көзге түсті. Ол қазақ халқының ән байлығын шетке көрсетіп жүрген өнер қайраткерлерінің ішіндегі ең жас әнші еді.Әнші Қызылордаға қайтады. 1928 жылы театр Алматыға көшкенде, театрмен бірге Алматыға келеді. Қаракөзде Доскелді, Айман — Шолпанда Жарастың бейнелерін сомдады.1934 жылы музыкалық театрға ауысады, бірақ көп ұзамай қайтыс болады. Әміре — ұлы әнші, азамат, Үздік әншілік өнері қазақ халқының бай өнерін дүние жүзіне паш етті. Заманымыздың ұлы жазушысы М.Әуезов «Әміренің әнінде ақындық тазалықтың шамшырағы жанғандай. Әміре әншіліктің ақыны» деген еді.
Аралас құрмалас сөйлем — құрмалас сөйлемнің бір түрі. Кемі үш жай сөйлемнен құралады. Олар өзара синтаксистік байланыстың ерекше түрі — аралас байланыс арқылы құрмаласқан. Мысалы: Жалма-жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды (Ғ.Мүсірепов). Бұл — тиянақты-тиянақсыз-тиянақты тұлғалы аралас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем енді бірде тиянақсыз-тиянақты-тиянақты тұлғалы болып келіп, әр сыңарының өзіндік басыңқы сыңары болады. Мұнда алғашқы тиянақсыз тұлғалы сыңар өзінен кейінгі сыңардың бағыныңқысы сипатында жұмсалады, ал екінші сыңар тиянақты тұлғалы бола тұра, келесі сыңардың бағыныңқы бөлігі болып табылады. Үшінші сыңар ортаңғы сыңарға басыңқы сипатта тұрса да, бірінші сыңармен мағыналық байланысқа түспейді. мысалы: Көк қалың болғанмен, жерде әлі сыз бар, қар суын бойына тартып, дегди қоймаған-ды (Ә.Нұрпейісов). Аралас құрмалас сөйлемнің айтылу ырғағы да кең. Онда салаласқа тән тиянақты,сабақтасқа тән тиянақсыз ұласпалы ырғақ орын ауысып, бірде тиянақты-тиянақсыз, бірде тиянақсыз-тиянақты түрде келеді. Аралас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтастырылуында өзгешелік бар. Бірінші топ қатарын бірыңғай қатынастағы түрлер құрады да, екінші топ қатарын әрыңғай қатынастағы түрлер түзеді. Ал бұл екеуінің мағыналық жігін танытуда бір-бірінен өзгешелік жоқ, қойылған талап бір. Оның үстіне мағыналыққатынастардың белгіленуі жеке сыңарлардың тұлғалануына тәуелді емес. Ең алдымен алғашқы екі сыңар аралығындағы, соңынан соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынас айқындалады. Осы мағыналық қатынастардың сәйкес келіп, бір атаумен аталуы оның бірыңғай қатынастағы сөйлем екенін көрсетеді. Оның ыңғайлас мәнді, себеп мәнді, шарт мәнді, салыстырма мәнді, түсіндірме мәнді, мезгіл мәнді түрлері бар. Ал сөйлемдегі алғашқы екі сыңар аралығындағы және соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынастар екі түрлі болған жағдайда әрыңғай қатынастағы Аралас құрмалас сөйлем болып қосақталған түрде белгіленеді. [1]
Жетісудың қала тұрмысында өтпелі кезеңге тән шаруашылық дәстүрі сақталған
Объяснение: