М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dasha50052
dasha50052
31.12.2022 14:48 •  Қазақ тiлi

1.Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің поэзия саласы бойынша не білесіңдер?  2.Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің драматургия саласы бойынша не білесіңдер

👇
Ответ:
Ketinur
Ketinur
31.12.2022

Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармалардың көркемдік, идеялық және әдіс-тәсілдік салада өзгеріске түскенін атап өткеніміз жөн болар. Аға буын Кеңес одағының қыспағын көрген соң, өз елдігімізді аңсап, сол күнді өз көздерімен көрді. Ұлттық менталитетті кеңінен насихаттап, қоғамда болып жатқан өзгерістерді дөп басып айтты. Көпшілігінің туындыларында «еркіндік», «азаттық», «тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кием», «ақ түйенің қарыны жарылды», «ақ күн туды» деген секілді фразаларды кездестіруге болады. Ауызекі сөздерден ада болуды үгіттеп, суреттілік пен образдылыққа, көркемдікке бой алдырады. Түрлі құбылту мен фигураларды, троптарды қолданып, тәуелсіздікке үлкен екпін берді.

Бұндай көркемдіктерді өткен дәуірлерден келе жатқан жыраулар поэзиясынан, Ыбырай, Абайлардың тілінен, одан бері Жамбыл, Кенендерден, Мағжан, Ахмет, Сәкен, Жүсіпбек сынды оққа ұшқан ағартушылардан сіңген дарындылық деп тану керек. Қ.Мырза-Әлидің «Заман-ай», «Алаштың арманы», Н.Айтұлының «Рухымның падишасы», «Бәйтерек», Н.Оразалиннің «Құрайлайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу», Е.Раушановтың «Ғайша-Бибі», «Қара бауыр қасқалдақ», Т.Тұяқбаевтың «Жан дауысы», Б.Үсеновтің «Табиғат терезесі», С.Нұржановтың «Аруана», А.Бөкеновтің «Салбуырын», Г.Шамшиеваның «Қаракөз дәурен», Т.Әбдікәкімовтің «Ақшам хаттары», Г.Өмірзақованың «Жапырақ-ғұмыр», С.Сейітовтің «Серпер», Ә.Қайранның «Мазасыз әлем», Х.Ерғалидің «Сонеттер», Ә.Сәрсенбайұлының «Ғасыр мен ғасыр беттессе», Қ.Шаңғытбаевтың «Махаббат пен ғадауат», М.Айтхожинаның «Жапырақ сілкінген кеш», Қ.Бұғыбаеваның «Қоштасқым келмейді», К.Салықовтың «Сәбит аға», «Түркістанға тағзым», Е.Шаймерденұлының «Жүректегі жазулар», М.Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы», «Жаңа қазақтар», «Компьютер басты жарты адам», Ұ.Есдәулетұлының «Киіз кітап», О.Асқардың «Орбұлақ», Д.Әбіловтің «Жолаушы өмір», А.Бақтыгерееваның «Ақ шағала», Н.Мәукенұлының «Бойтұмар», А.Шәріповтің «Құбыла», Қ.Исаның «Керімсал», Г.Салықбаеваның «Жан», А.Әлімғазыұлының «Жаралы Желтоқсан», Ө.Нұрғалиевтің «Афина мектебі», А.Егеубайдың «Аламан», К.Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян», Иран-Ғайыптың «Жыр әлемі», «Қорқыттың көрі», Ж.Бөдешұлының «Жұлдызға орнын ай бермес», М.Ақдәулетұлының «Дәруішнама», А.Әлімнің «Ай нұры алақанымда», М.Райымбекұлының «Ай-Нұр», Қ. Сариннің «Арманымның бейнесі»жыр жинақтары, «Ер намысы – ел намысы» т.б. ақындардың шығармалары мен жинақтары жарық көрді.

/

Объяснение:

4,7(87 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Пікір: Ұды Жібек Жолы Батыс пен Шығысты жалғаған нағыз өркениет көпірі болған

Дәлел:Осының арқасында екі жақтың мәдениеттері бірігіп , мемлекеттер жаңаша өркениеттермен танысып отырған .Сонымен қатар Ұлы Жібек Жолының бойынан көптеген қалалар тұрғызылып ,әлем мәдениетінің рухани да материялдық жағынан да жоғары сатыға шығуына көмегін тигізген

Мысал: Еліміздегі ежелгі Отырар қаласы осы Ұлы Жібек Жолының арқасында тұрғызылып ,дамып отырған.Соным қатар қазіргі Батыс Еуропа,Батыс Қытай жолы да осы Жібек Жолының бұрынғы ізімен салынған болатын.

Қорытынды:Ұлы Жібек Жолы қай жағынан болмасын біздің еліміздің де басқа Еуропа халықтарының да дамуына үлкен үлесін қосқан

Объяснение:

Түсінікті болды деп ойлаймын

4,7(25 оценок)
Ответ:
ep53
ep53
31.12.2022

Бұл фильмнің басты идеясы – қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған қазақ халқының кеңпейілділігін, қонақжайлылығын көрсету.Болат Әбділманов  сомдаған басты кейіпкер Орынбайдың бойына достыққа адалдық, қонақжайлылық, турашылдық, әділеттік жолында басын бәйгеге тігуге дайын батырлық сияқты жағымды қасиеттер топтасқан.Жалпы,  фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай  өмірде болған адам. Ол өз туған жерінен амалсыз көшіріліп әкелінген әр түрлі  ұлттарды жатырқамай, бауырына басады.  Л.Сон киноның бас кейіпкері туралы: «Бала кезімде әкем «Бiз қазақ ұлтының алдында қарыздармыз, жазушы болсаң Орынбай ақсақал жайлы мiндеттi түрде жаз» деп өлерiнде маған осындай аманат тапсырған», – дейді. «Сондықтан,  әкемнің соңғы парызын орындап, қазақтың батыр ақсақалы  туралы пьеса жаздым» –  деп сөзін сабақтайды жазушы.

Объяснение:

4,4(46 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ