Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен түсінік, адамды тыңдай, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Иә, дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Өйткені, ақымақ үшін достың қандай болу керек екені бәрі бір. Ақылдыға қиын. Өйткені, ақылды адам достың қандай болуы керек екенін біледі. Өйткені, өзін түсінетін, мейірімді, ақылды дос табуға тырысып, оны талғайды, іздейді. Дос досты ешқашан сатпайды. Себебі, достық сезім – мәңгілік.
Жоспар: 1)Жамбыл Жабаевтың бала шағы; 2)Жамбылдың шағармашылығы; 3)Соғысқа арналған өлеңдер;
Жамбыл Жабаев Теріскей Алатауының Солтүстік бөлігінде, 1846 жылы ақпан айында Хан, Жамбыл тауларының етегінде туған. Ол кедей отбасында дүниеге келгендіктен, балалық шағы кедейлік пен жоқшылықта өтеді. Кішкентай кезінен басқа кедей балалары сияқты Жамбыл да байдың малын бағумен өткізді. Балаларын мектепте оқытып, білім беруге ата-анасының жағдайы болмады. Жамбыл атамыздың көп шығармалары саяси тақырыпқа арналған, Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды өлеңдерімен Ұлы Жеңіске үлес қосты. "Ленинградтық өренім" атты өлеңінің аудармасы радио арқылы қала тұрғындарына таратылып, жеңістің ұранына айналды, көшелерге, үйлердің қабырғаларына жазылып ілінді. Ленинград қаласының тұрғындары үшін ұлы Жамбылдың орны ерекше. Жамбыл атында облыс, аудан, көше, мұражайлар бар.
Иә, дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Өйткені, ақымақ үшін достың қандай болу керек екені бәрі бір. Ақылдыға қиын. Өйткені, ақылды адам достың қандай болуы керек екенін біледі. Өйткені, өзін түсінетін, мейірімді, ақылды дос табуға тырысып, оны талғайды, іздейді. Дос досты ешқашан сатпайды. Себебі, достық сезім – мәңгілік.