М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
axmet2
axmet2
06.02.2020 16:20 •  Қазақ тiлi

Монолог по казахскому языку тема дружба народов где то 40-30 слов 28 слов

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Alina221006
Alina221006
06.02.2020
Қазақ халқы – ежелден қонақ десе, ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Оның үстіне қазақта «Қырықтың бірі - Қыдыр», «Қонақты қусаң- құт,ырыс қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені.Алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды құю, қонақтарға орнымен сый-сияпат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен  бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді.
4,6(80 оценок)
Ответ:
Tapoocek
Tapoocek
06.02.2020
Қашықтасың туған жер - қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен.
Қанатым талды менің,
Шаңқыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.

Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке куллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түнереді.

Кайтейін мен көкжиек кеңдгімді.
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым.

Бір шөлмекте көк сия толып турса,
Екіншіде - шарап бар жайы мәлім.
Даналыкты сиямен толықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын.
4,8(53 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ