Жамал - Маган Жамалдын истеген - истери дурыс деп ойлайм, себеби Жамал бакытты болгысы келди, жанеде оз махаббаты ушин курести, бир жагынан дурыс болмауыда мумкин, ойткени Жамал мен Гали кашпай ата аналарынын батасын алып, куткенде, ондай жаман жагдайлар болмас еди. Жамал оте жахсы, кози ашык, акылды, сулу, сауатты кыздардын бири еди
Гали - Мейиримди, акылды жан еди, оз камын ойламай, тек оз махаббаты ушин барине дайын адам еди. Гали Жамалды кишкене болсын кутсе, мумкин екеуи бакытты болар еди.
Сарсенбай-ол Жамалдын акеси болып келеди, Сарсенбай тек оз камын ойлайтын жандардын бири,маган онын истеген тирлиги мулдем унамады, ол тек акша ушин кызын саткан надан адам болып келеди.
Жуман - ол Гали мен Жамалга карама-карсы кейипкер, Жуман сол кездеги суйкимсиз, акыл еси жетиспейтин, надан бай балаларынын жиынтыгы болып келеди
Байжан - ол Жуманын акеси, ол да надан, тек акшаны гана ойлайтын, жаман кейипкер
Менің атым - Тәуелсіздік
...Алып қорғанның құлағанын көрдім,
Небары алты жасымда,
Алып тұлғалар жылағанын көрдім,
Бастарын сүйеп ғасырға.
Алып таулардың шайқалғанын көрдім,
Алты жасымда соны ұқтым:
Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей халықтың.
Алып кітаптар торыққанын көрдім,
Сол сәтте-ақ одан безінгем,
Алып ойлардың қорыққанын көрдім,
Ең бір нәзік сезімнен.
Алып сағаттар тоқтағанын көрдім,
Өлшенді уақыт жаңадан,
Алып жүректер ақталарын көрдім,
Алты-ақ жасар баладан.
Алып құрлықтар теңселгенін көрдім,
Темір бұғаулар тозғасын,
Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім –
Империяның көз жасын!
Алып мұхиттар толқығанын көрдім,
Бір тамшы суға байланып,
Алып тәждердің балқығанын көрдім,
Елтаңбаларға айналып.
Алып мүсіндер қирағанын көрдім,
Сұлаған жаудай жебеден,
Алып саналар жиналарын көрдім,
Тұрғызу үшін жаңа әлем!
Құрыштардың да шірігенін көрдім,
Сен боса, болат, тас егіл!
Темір шымылдық түрілерін көрдім,
Сахнаға шықты жас өмір!
Алты жасымда!
Сақ патшайымы Тұмар (Томирис) ханшайым әлемдегі ең атақты әйел патшалардың бірі. Ержүрек батыр, әділ ел билеуші ретінде әлем тарихында қалған Тұмар ханшаның есімі өз заманында «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсы патшасы Кирдің Орта Азияға жасаған басқыншылық жорығымен тікелей байланысты. Тарихи деректерде қанқұмар Кирдің соғыс ашу мақсатында жесір қалған Томирис патшайымға өзіне әйел болу туралы ұсынысты елшілер арқылы әдейі жібергендігі баяндалады. Кирдің өзіне емес, елі мен жеріне «құда түскелі отырғанын» жақсы түсінген патшайым оның ұсынысын қабылдамайды.