М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
SVIATOSLAV3000
SVIATOSLAV3000
19.03.2021 07:35 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Берілген мәтіндерді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Дұрыс жауап- 1

1- мәтін

Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Қазақстан дүние жүзі бойынша орманы аз елдердің қатарына жатады. Бүкіл аумағының 11, 4млн гектар жерін ғана ормандар алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозиядан сақтап, құм көшкіндерін бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Шөлді аймақтарда сексеуіл, өзендер бойында жыңғыл, жиде, тораңғы тоғайлары кездеседі.

Қазақстанның жануарлар дүниесінің қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік - шығысындағы таулы аймақта сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады. Сонымен бірге құстары өскен. Оларға құр, тоқылдақ, самырсын құс, ақ қоян жатады Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір сүтқоректілердің 178, құстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. (150сөз)

2- мәтін

Сана үрдістеріне жақсы әсер ететін істер бар. Олардың жүзеге асуы көңіл-күй мен күш-жігерге және моральдық тепе-теңдікке оң дәрмен береді. Жанға рахат сыйлайтын осы хоббилердің бірі – қолөнермен айналысу. Кесте, тоқыма, тігу секілді шығармашылық процестер жүйке жүйесін тыныштандырып, ойларды реттеуге көмектеседі және ауыр күндерден кейінгі күйзелісті шығарып тастайды. Оның себебі, көп еңбек пен шыдамдылықты талап ететін жұмыстар мен адамдардың нәтижеге қол жеткізуді көздеуінде. Оның үстіне адам өз қолымен әдемі, талғампаз өнімді жасағанда оң эмоцияларды сезінеді.(73 сөз)

1. 1- мәтіннің 1-азатжолындағы айтылған ой [1]

A)Жануарлар дүниесі

B) Мұз дәуірі

C) Құм көшкіні

D) Құстар дүниесі

E) Өсімдіктер дүниесі

2. Мұз басу дәуірінде жануарлардың қырылу себебі [1]

A) Климат жылығандықтан

B) Қабан мен жолбарыс көбейгендіктен

C) Құстар көп өскендіктен

D) Климат суығандықтан

E) Сүтқоректілер көбейгендіктен

3. Екі мәтіннің жанрлық ерекшелігі [1]

A) Екеуі де аңыз

B) Екеуі де сұхбат

C) Екеуі де әңгіме

D Екеуі де мақала

E) Екеуі де ертегі

4. Мәтінде кездесетін омоним сөздер [1]

A) Қорық, тоқыма

B) Бұғы, еңбек

C) Өсімдік, жүйке

D) Өзен, қабылан

E) Күйзеліс, марал

5. Берілген сөйлемдегі асты сызылған тіркесті анықтаңыз. Қазақстанның жануарлар дүниесінің қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. [1]

A) Омоним сөз

B) Синоним сөз

C) Көп мағыналы сөз

D) Тура мағыналы сөз

E) Антоним сөз

6. Ауыспалы мағыналы тіркес [1]

A) Құм көшкіні

B) Құстар өскен

C) Таулы аймақ

D) Мұз басу

E) Ауыр күндер

калай тжб казактили​

👇
Ответ:
Maksim3131
Maksim3131
19.03.2021

1.B

2. A

3. D

4. C

5. D

6.D

Объяснение:

Изи

4,6(70 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
saidislom01
saidislom01
19.03.2021
Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жылбұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргіСарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттіңомыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнініңгеологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.

Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн Хордадбех, Ибн Руста, Әл-Масуди, Әл-Истахри келтірген мәліметтер аса құнды саналады. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады.

Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» саяхаттар мен мемлекеттер кітабы атты еңбегінде Амударияны -Жейхун, Арал теңізін - Күрдер көлі деп атайды. Ал Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (бір фарсах-6 шақырым). Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух (қара таулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі 190 метрге жетеді.
4,7(77 оценок)
Ответ:
alonbinyaminov1
alonbinyaminov1
19.03.2021
Біз әлі баламыз ғой, туған жердің ауасы  да шипа дегеннің мағынасын түсінбейміз. Бұл сөзді әжемнің аузынан жиі еститінмін. Бір күні әже неге бұл қайталай бересіз,- деп сұрадым. Сонда әжем, ей балам-ай, сендер бақыттысыңдар туған жеріңде, еліңде тұрып жатырсыңдар, - деп көзіне жас алды. Өзінің бала күнінде ата-анасы Қытайға ел асып кеткенін, ол жақта жүргенде Қазақстанды қалай сағынып, сағыныштан ауырғандарын айтып берді. Бұл сөзді қайталауымның себебі, ол күндер қайталанбаса екен, туған жеріме енді оралғанымда,- дейді. Және туған жердің ауасымен тыныстап, бойымдағы дертімнен де айыққандаймын,- деп әңгімесін аяқтады.
4,5(63 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ