М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Almira19681
Almira19681
16.12.2020 21:23 •  Қазақ тiлi

.Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 3 сұрақ жазыңыз. [5]

Мәтін
«Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, «бәй» - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып, «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады.

2.Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]
Тарихи ескерткіштер
Ақтөбе өңірі, Хромтау ауданында Ойсылқара кесенесі бар. Этнографиялық-тарихи ескерткіш ретінде республикалық тізімге енген. Аспан астындағы құнды жәдігер. Бірақ мұны жергілікті халықтың бірі білсе, бірі білмейді. Ойсылқара - өркешті жануар пірі екенін Құмсай ауылының оқушылары тек кітаптан оқыған еді. Енді жазғы демалыстарын тарихи орында өткізіп, оның қорымын көзбен көрді. Аңыз астарында ақиқат бар. Есет осы уақытқа дейін Ойсылқараны қиялдан туған кейіпкер деп ойлаған. Енді оның өзі туған өлкеге табаны тиген адам екенін білді. Танымын кеңейтіп, тарихи әңгімелерді таңдана тыңдады.
Есет Жақыбай, оқушы:
– Көне дәуірдегі жазуларды оқығым келіп, ынтам туды және аз уақыттың ішінде тарихшы не археолог болам деген де ойлар туды. Былайша айтқанда, тарихи жерге келуімнің арқасында тарихқа деген қызығушылығым оянды. VI ғасырда бұл жерге Ойсылқараның түйесі шөгіп, кейін тасқа айналған. Қорымы да осы жерде. Аңызға арқау болған тас обаларды археолог Серік Әжіғали бастаған топ зерттеп, тіркеуге алды. Хромтау өңірінде бұдан өзге оннан аса ашық ескерткіш аспан астында тұр.
Мөлдір Нұржанова, лагерь жетекшісі:
– Мектеп бағдарламасы аясында ғана тоқтап қалмай, өзіміздің туған жерімізді әрі қарай зерттеп, тарихи жерлерге келу әлі де жоспарда бар. Хромтау жерінде этнографиялық-тарихи ескерткіштер кезең-кезеңімен зерттеліп жатыр. Қола дәуіріндегі қорымдар мен перм, карбон дәуірлеріндегі жер қыртыстары сақталған «Айдарлы аша» да шетел тарихшыларының таңдайын қақтырған.
1. Мәтінде неше адамның пікірі бар? [1]
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
2. Мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтелді табыңыз. [1]
А) Өткендерін ескерген - өскендіктің белгісі.
Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі.
В) Толған ел — тарихын таспен жазады,
Тозған ел — тарихын жаспен жазады.
С) Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні.
D) Бұл заманның ісін есті бітірмейді, епті бітіреді.
3. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. [2]
аймақ
түйе
шындық
заман
4. Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз. [3]

Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
1.

1.
2.

2.
3.

3.

5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз. [3]




3.Тапсырма
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып,
көркемдегіш құралдарды, көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді орынды
қолданып жазыңыз. [5]
1.Астана – мәдениет пен өнер ордасы екендігін дәлелдеп, келісу-келіспеу себептерін
жазыңыз.
2. Кез келген тарихи тұлға туралы эссе жазыңыз

👇
Ответ:
Levix322
Levix322
16.12.2020
1.В
2.А
3.Аймақ-өңір
Түйе-өркешті жануар
Шындық-ақиқат
Заман-дәуір
4,4(80 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Elirgon88
Elirgon88
16.12.2020

Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.

4,8(51 оценок)
Ответ:
MissKaprizz99
MissKaprizz99
16.12.2020

ответ:1977 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында дүниеге келген. 1990 жылдан бастап аудандық, облыстық, республикалық ақындар айтысына қатыса бастайды. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің «Әдеби аударма» бөлімін, «әдебиеттану» мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Республикалық Қазақ Радиосында редактор-стилист қызметінен бастайды. 2000 жылы Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтында Филология кафедрасының оқытушысы, 2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істейді. 2006 жылы академик Р.Нұрғалидің жетекшілігімен «Айтыстағы сатира мен юмор» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 2007 жылы Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының доценті қызметтерін атқарады. 2009 жылдың тамыз айынан бері «ЭРА -7 арна» ЖШС Дубляж департаментінің редакторы. Белгілі айтыс ақыны. Көптеген республикалық, халықаралық айтыстардың лауреаты. «Жыр арқауы – Астана», Түркістанның 1500, Тараздың 2000, Қарасай батырдың 400, Махамбеттің 200, Дулат Бабатайұлының 200, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен айтыстардың жеңімпазы, Мәскеу қаласында өткен айтыстың, Астана қаласында өткен «Ел басқарар ерің кім?», Алматыда болған «Алматықұрылыстың» 50 жылдығына арналған айтыстардың Бас жүлдегері, Париж, Стамбул шаһарларында өнер көрсеткен. Қазақ тілі қоғамының «Қазақ тілі» медалімен марапатталған. Алматы облысы Кербұлақ ауданының – «Құрметті азаматы».

Объяснение:

4,5(15 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ